|  |  | 

Үздік Ұстаз

Әлемнің 12 беделді университетінен шақырту алған қазақ қызының арманы не?

Елордадағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебін биыл бітірген Әсел Рабатова әлемнің ең беделді 12 университетінің білім грантын ұтып алды. Оның ішінде «Назарбаев» Университетінің білім гранты да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әсел 8-сыныптан-ақ мектеп өміріндегі барлық шараларға белсене араласты.  Достарымен бірге мектебінің логотипін өзі әзірлеген түрлі дизайндағы  киім үлгілеріне  пайдаланып сату арқылы бизнестің қыр-сырына да үйренді. Қалалық мектептер арасындағы түрлі сайыстардан да бей-жай қалған емес. Тіпті, ағылшын тілін жетік меңгергендігінің арқасында 2017 жылы елордамызда өткен «ЭКСПО» халықаралық мамандандырылған көрмесінде, бас қаламызда ұйымдастырылатын  түрлі  халықаралық жиындар мен форумдарға ерікті ретінде қатысып ысылды. Ағылшын тілін білу деңгейін жетілдіре түсті. Нәтижесі де жаман емес, қазірдің өзінде Америка, Канада, Нидерланды елдерінің беделді жоғары оқу орындары білім гранттарын ұсынып отыр.

«Жалпы, «Назарбаев» Университетін қоса алғанда  12 жоғары оқу орны толық және жартылай білім гранттарын  ұсынды. Әлемнің басқа да беделді оқу орындарының жауаптарын күтіп отырмын. Бірақ,  таңдауымды жасап қойдым десем де болады. Таңдауым  Американың Сан-Франциско қаласындағы әлемдегі ең жас университеттердің бірі – Minerva Schools at KGI», – деді Әсел ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Жас талапкердің мұхиттың ар жағындағы алып елдегі  бұл университетке таңдауының түсуінің бірнеше себебі де бар.

«Біріншіден, бұл университет жас болғанына қарамастан Америкада өте танымал әрі білім берудің жаңа жүйесін енгізу арқылы зор беделге ие болып тұр. Екіншіден, бұл оқу орны маған 100 пайыз білім грантынан бөлек Америкада және өзге елдерде жүріп-тұруыма, жатын орныма жұмсалатын қаражатты да қарастырған. Бұл университеттің талапкерлерді өзіне тартымды жасайтын тағы бір тұсы бар. Атап айтар болсам, 4 жылдың ішінде 7 мемлекетте білім алу мүмкіндігін аламыз.  Бірінші курсты Сан-Францискода оқысам, екінші курстан бастап әр жартыжылда Сеул, Гидробад, Буэнос-Айрес, Берлин, Лондон және Тайпейде оқимын.  Дипломды Сан- Францискода қорғауға мүмкіндік жасалған», – деді Әсел Рабатова.

Әлемнің 12 беделді университетінен шақырту алған қазақ қызының арманы не

Әлемнің 12 беделді университетінен шақырту алған қазақ қызының арманы не

Болашағын бизнес пен экономика саласымен байланыстыратын Әселдің арманы да биік. Шетелден мол білім мен үлкен тәжірибе жинап келіп, елінің игілігіне жұмыс істеуді армандайды.

«Шетелде білім алып елге оралғаннан кейін әлеуметтік бизнесті дамытқым келеді. Бұған қоса өзім сияқты қазақ балаларына әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында білім алуға  көмек көрсететін қор ашу арманым бар», – деді ол.

Әлемнің 12 беделді университетінен шақырту алған қазақ қызының арманы не

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Ақтөбелік оқушы әлем рекордын жаңартты

    Ақтөбелік оқушы әлем рекордын жаңартты

    Ақтөбеде «G-Strong Power Fest» фестивалі өтті. Алып күш иелері бақ сынаған фестиваль кезінде 9 жастағы Муса Туркумбаев кеудені жерден көтеріп ұстап тұрудан әлем рекордын жаңартты Муса Туркумбаев 7 жасынан бастап ел назарында жүр. Ол турникке тартылудан, кеудені жерден көтеруден алдына жан салмайды.  Өткен жылы Қазақстан рекордын жаңартты. «2016 жылы Астана қаласында 9 жастағы Амир Махмет кеудені жерден

  • 1 сыныптың оқушысы шахматтан әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

    1 сыныптың оқушысы шахматтан әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

    Беларусь Республикасының астанасы Минск қаласында кадеттер арасында жылдам шахмат және блиц бойынша ІІІ әлем чемпионаты өтті, деп хабарлады pavlodarnews.kz. “Аталмыш зияткерлік жарыста №8 мектеп-лицейінің 1 «Ә» сынып оқушысы Ахмет Сулейман 8 жасқа дейінгі ер балалар арасында блицте 142-ден алтыншы орынға ие болды. Жаттықтырушы Сергей Мансуровтың жетекшілігімен Сулейман жарты жыл бойы шахматпен айналысады. Осы уақыт ішінде

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog