|  | 

Жаңалық

«Мектепке жол»: Ақмола облысында 13 мың бала материалдық көмекке мұқтаж

Ақмола облысында «Мектепке жол» республикалық акциясы басталды. Бұл туралы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ботагөз Дүйсенова журналистермен болған брифингте айтты.

Басқарма басшысының айтуынша, биылғы жылы «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы шілденің 1-нен «Жүректен жүрекке!» ұранымен басталды. Акция қыркүйектің 30-на дейін жалғасады деп жоспарланған.

«ҚР БҒМ жылдағы дәстүрі бойынша биыл 12 жыл қатарынан  «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы ұйымдастырылуда.

Акцияға «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен оның өңірлік бөлімшелері және  «Менің атамекенім» қоғамдық бірлестігі демеушілік танытуда», дейді Ботакөз Дүйсенова.

Басқарма басшысының орынбасары атап өткендей, «Мектепке жол» акциясы аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың оқушыларына көмек көрсетуге және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алуға бағытталған. Осы ретте, үй-үйді аралау рейдтік шаралар арқылы мектепке бармайтын балаларды анықтауға, сондай-ақ, аз қамтылған және көпбалалы отбасындағы балалардың мектепке жиналуын қамтамасыз ету. Осыған байланысты ҚР БҒМ ұсынысымен барлық аудандарға «Мектепке жол акциясын» өткізу туралы бұйрық берілген. Аталмыш ұсыныстағы жоспарға сәйкес, демеушілер, меценаттар, ірі компаниялар мен акционерлік қоғамдардың басшыларына және тұрғындар акцияға барынша тартылуы тиіс. Сонымен қатар, ақпараттық -түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде.

«Жылдан жылға акцияға қатысушылардың саны артуда. Өткен жылы өткізілген акцияның қорытындысы бойынша облыста аз қамтылған және көпбалалы отбасылардағы 8481 балаға барлығы 88222,3 мың теңгенің көмегі көрсетілді. Биылғы жылы облыс бойынша 13437 бала материалдық көмекке мұқтаж болса, оның 1187 бірінші сыныпқа барады», деп толықтырды Ботакөз Дүйсенова.

«Мектепке жол»: Ақмола облысында 13 мың бала материалдық көмекке мұқтаж

Осы ретте, ол педагогтер мен ата-аналар қауымы, бизнес – құрылымдар, БАҚ және үкіметтік емес ұйымдар қайырымдылық акцияны ұйымдастыруда белсенділік таныту қажеттігін атап өтті.

«Біз әр баланың өзіне деген қамқорлықты, махаббатты, назарды сезінгенін қалаймыз. Көмекке мұқтаж балаларға назар аударып, олардың қоғамда тәуелсіз және дербес болуын қамтамасыз етуіміз қажет», деп түйіндеді Ботакөз Дүйсенова.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Балабақшаларға деген қажеттілік МЖӘ арқылы шешіліп жатыр – вице-министр

    Балабақшаларға деген қажеттілік МЖӘ арқылы шешіліп жатыр – вице-министр

    Елімізде биылғы жылдың алғашқы 6 айында 565 мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы келісім жасалды, олардың басым бөлігі білім беру саласында. Бұл туралы бүгін Үкіметтің баспасөз мәжілісінде ҚР ұлттық экономика министрінің орынбасары Мәди Тәкиев мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы төрт жылда республикада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқасында мектепке дейін мекемелерге (балабақша) деген шұғыл қажеттілік мәселесі шешілген. «1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 1,29

  • Педагог қазақ қыздары ауылға аттанды

    Педагог қазақ қыздары ауылға аттанды

    Алматыдағы Қазақтың Мемлекеттік әйелдер педагогика институтын жақында 71 қазақ қызы бітіріп шықты. Олардың көпшілігі алыстағы қазақ аудандарындағы орта мектептерге оқытушылық қызметіне аттанды. Бүгін газетімізде институтты тұңғыш рет бітіріп шыққан жас педагог қыздарға арналған материалдар және оқуды отлично бағамен аяқтағандардың пікірлерін беріп отырмыз. Жарқын өмірге жолдама Қазақтың мемлекеттік әйелдер институтын тұңғыш рет бітіріп, үлкен өмірге маңызды

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog