|  | 

Жаңалық

Министрлік ЖОО-ларға оқу ақысын өсіру туралы тапсырма берген жоқ – БҒМ

Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан министрліктің ЖОО ақысын өсіру туралы тапсырма бергені туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл жайында БҒМ кеңесшісі Facebook парақшасында жазды.

«Соңғы күндері әлеуметтік желіде білім саласына қатысты бірнеше жалған ақпарат таралып жатыр. Тіпті, қисынға келмейді. Кейбір азаматтардың пікірінше, ҚР Білім және ғылым министрлігі оқу ақысын 20%-ға көтеріңдер деген тапсырма беріпті. Ашығын айтайын, бұл ойдан шығарылған өтірік ақпарат. Министрліктің ондай жоспары жоқ. Негізсіз және фактісіз ақпараттардан абай болуларыңызды сұраймын», – деп жазады Ерболат Мұхамеджан.

Оның сөзінше, елімізде 131 ЖОО бар, соның көбі – жекеменшік, ал олар нарықтың ыңғайына қарай жұмыс істейді. Министрлік нарық заңдылығына араласа алмайды.

«Ақылы оқудан бөлек гранттар да бар екенін айтқым келеді. Гранттардың саны өткен жылы 20 мыңға көбейсе, биыл тағы Президенттің тапсырмасына сай 5 мыңға көбейді.Жалпы ақпарат үшін айта кетейін, Қазақстандағы ЖОО-ның орташа құны – 350-420 мың теңге. Біразында осы жылғы оқу ақысы, керісінше, арзандады. Мысалы, ҚарМУ-да оқу құны 7000 теңгеге азайса, Алматы менеджмент университеті оқу ақысын 7%-ке төмендетуге ниетті», – дейді БҒМ өкілі.

Десе де, кейбір ЖОО оқу ақысын шамамен 4-8%-ға өсірді. Ол студент пен университет арасындағы келісімнің нормаларына сәйкес.

Ерболат Мұхамеджанның жазуынша, көптеген ЖОО-лар оқу ақысын өзгеріссіз қалдырды. Мысалы, Сәтбаев университеті, ПМУ, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ, Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, ЕТУ, Шәкәрім атындағы СМУ, Алматы энергетика және байланыс университеті, Тұран-Астана, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ, Қарағанды экономикалық университеті, Әуезов атындағы ОҚМУ, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, Х.Досмұхамедов атындағы АМУ, Қ.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті – IITU, Семей қалалық медицина университеті, ҚазҰАУ және тағы басқалар.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Балабақшаларға деген қажеттілік МЖӘ арқылы шешіліп жатыр – вице-министр

    Балабақшаларға деген қажеттілік МЖӘ арқылы шешіліп жатыр – вице-министр

    Елімізде биылғы жылдың алғашқы 6 айында 565 мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы келісім жасалды, олардың басым бөлігі білім беру саласында. Бұл туралы бүгін Үкіметтің баспасөз мәжілісінде ҚР ұлттық экономика министрінің орынбасары Мәди Тәкиев мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы төрт жылда республикада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқасында мектепке дейін мекемелерге (балабақша) деген шұғыл қажеттілік мәселесі шешілген. «1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 1,29

  • Педагог қазақ қыздары ауылға аттанды

    Педагог қазақ қыздары ауылға аттанды

    Алматыдағы Қазақтың Мемлекеттік әйелдер педагогика институтын жақында 71 қазақ қызы бітіріп шықты. Олардың көпшілігі алыстағы қазақ аудандарындағы орта мектептерге оқытушылық қызметіне аттанды. Бүгін газетімізде институтты тұңғыш рет бітіріп шыққан жас педагог қыздарға арналған материалдар және оқуды отлично бағамен аяқтағандардың пікірлерін беріп отырмыз. Жарқын өмірге жолдама Қазақтың мемлекеттік әйелдер институтын тұңғыш рет бітіріп, үлкен өмірге маңызды

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog