|  |  |  | 

Жаңалық Оқушы Үздік

Атыраулық оқушы Кипрде математикадан халықаралық олимпиаданың алтын жүлдесін жеңіп алды

Білім-инновация лицей-интернатының оқушысы Айбек Мырзатаев математика пәні бойынша халықаралық олимпиаданың алтын медаль иегері атанды. Оны жеңісімен Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жеке құттықтады.

Кипр елінің Ларнака қаласында 23-ші жасөспірімдер арасындағы Балкан математикалық олимпиадасы өтті, оған 17 ресми командадан құралған 112 адам қатысты, олардың ішінде 10 команда Балкан аймағынан болса, қалған 7 қонақтық командалар, оның ішінде біздің Қазақстан құрамасы да болды.  Олимпиаданы Кипр Республикасының математиктер одағы ұйымдастырған. Қазақстан командасы бірнеше жылдар бойы қонақ ретінде үздіксіз қатысып келеді. Балкан Жасөспірімдер Олимпиадасының тарихында тұңғыш рет Қазақстан құрамасы бейресми командалық жарыста 17 қатысушы командалар арасында екінші орынға ие болды. Олимпиада нәтижесі бойынша  Қазақстан құрамасы екі алтын, үш күміс және бір қола медальді жеңіп алды. Алтын медальдің бірін Атыраулық оқушы Айбек Мырзатаев жеңіп алды. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Айбек Мырзатаевты, оның әкесі Исатай Сабитовты және Білім-инновация лицей-интернатының директоры Эльма Исмаилды қабылдады.

Атыраулық оқушы Кипрде математикадан халықаралық олимпиаданың алтын жүлдесін жеңіп алды

“Менің әріптестерім және мен сіздерді шын жүректен құттықтаймыз және осындай табысқа жеткеніңізге қуаныштымыз. Сөз жоқ, бұл сіздің ата-анаңыздың және мұғалімдеріңіздің еңбегі. Қазір сен басқа оқушыларға үлгі болдың, ендігі саған қарап басқалары бой түзейтін болады. Барлық өмірлік сынақтарда бірінші орындарда тұруыңа тілектеспін”, – деді Нұрлан Ноғаев.

Атыраулық оқушы Кипрде математикадан халықаралық олимпиаданың алтын жүлдесін жеңіп алды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Балабақшаларға деген қажеттілік МЖӘ арқылы шешіліп жатыр – вице-министр

    Балабақшаларға деген қажеттілік МЖӘ арқылы шешіліп жатыр – вице-министр

    Елімізде биылғы жылдың алғашқы 6 айында 565 мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы келісім жасалды, олардың басым бөлігі білім беру саласында. Бұл туралы бүгін Үкіметтің баспасөз мәжілісінде ҚР ұлттық экономика министрінің орынбасары Мәди Тәкиев мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы төрт жылда республикада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқасында мектепке дейін мекемелерге (балабақша) деген шұғыл қажеттілік мәселесі шешілген. «1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 1,29

  • Педагог қазақ қыздары ауылға аттанды

    Педагог қазақ қыздары ауылға аттанды

    Алматыдағы Қазақтың Мемлекеттік әйелдер педагогика институтын жақында 71 қазақ қызы бітіріп шықты. Олардың көпшілігі алыстағы қазақ аудандарындағы орта мектептерге оқытушылық қызметіне аттанды. Бүгін газетімізде институтты тұңғыш рет бітіріп шыққан жас педагог қыздарға арналған материалдар және оқуды отлично бағамен аяқтағандардың пікірлерін беріп отырмыз. Жарқын өмірге жолдама Қазақтың мемлекеттік әйелдер институтын тұңғыш рет бітіріп, үлкен өмірге маңызды

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog