|  | 

Білім жарысы

Қазақстан оқушылары математика бойынша әлемнің үздік 10 елінің қатарына кірді

Қазақстан оқушыларының математика-жаратылыстану ғылыми сауаты бойынша әлемнің үздік 10 елінің қатарына кірді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Посткеңестік елдерде кадр дайындау жүйесі еңбек нарығының талаптарына сай емес, мемлекеттік реттеу тым артық, ал оқыту негізінен академиялық сипатқа ие» деген пікір бар. Шынымен де, бұл сын әділ. Аталған проблеманы шешу үшін Қазақстан тәуелсіздік жылдарында көптеген әдістерді ой елегінен өткізіп шықты. Бүгінгі күні біздегі білім беру жүйесі біліктілігі жоғары адами капиталды дайындауға тоғыстырылған», – деді министр  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында.

Осы орайда Асхат Аймағамбетов оған ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Болашақ» бағдарламасы жарқын дәлел бола алатынын айтты. Ол бүгінде шамамен 11 мың стипендиат шетелдегі оқуын бітіріп, Қазақстан игілігі үшін жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

«10 жылдың ішінде Қазақстан адами даму индексі бойынша өсім көрсетіп, адами капиталы өте жоғары деңгейдегі елдердің қатарына кірді. Бізде халықтың 100 пайызға жуығы сауатты. Балалардың 95 пайызы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен, ал 100 пайызы мектепте оқумен қамтылған. Оқушыларымыз да бәсекеге қабілетін көрсетіп жүр. Математика-жаратылыстану ғылыми сауаты зерттеуінде балаларымыз прогресс көрсетті. Соңғы өлшемге сәйкес еліміз әлемнің 40 елінің ішінде үздік 10 елдің қатарына кірді», – деді А.Аймағамбетов.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • ҰБТ: Бір ғана талапкер 140 балл жинай алды

    ҰБТ: Бір ғана талапкер 140 балл жинай алды

    Ұлттық бірыңғай тест тапсырған түлектерден республикалық апелляциялық комиссияға 111 өтініш түсті. Бұл туралы бүгін ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев айтты. 20 маусымнан бастап елімізде ҰБТ басталды. Бүгінгі күнге дейін бес лек өтті. Бүгін тестілеудің алтыншы күні өтіп жатыр.  Тестілеуге өтініш берген 74 365 түлектің 71 227-сі қатысты.

  • Көзіме бір көрінші 140 балл…

    Көзіме бір көрінші 140 балл…

    Тартысқа толы 9 күн. Қолжетпеске айналған 140 балл. Жылаған оқушы, жұбатқан ата-ана. Иә, мектеп бітіруші кез келген түлектің арманы – жоғары балл алу. Тестілеудің дәл осы балдық жүйесі 2017 жылдан бастап өзгерген еді. Содан бері 3 жыл өтсе де, ең жоғары балды қанжығасына байлаған бір ғана түлек  Шиара Құдайбергенова болып тұр. Шиара Құдайбергенова бүгінде  Алматыдағы Сүлеймен Демирел

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog