|  | 

Ұлт діңі

Қазақстанның болашағы білімді жастардың қолында – Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстанның болашағы білімді жастардың қолында. Бұл туралы кеше елордада өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Осы елдің Президенті ретінде жастарды төніп келе жатқан сын-тегеуріндерге дайындау – шын мәнінде басым міндет саналады. Мен бұл жайында бірнеше рет айтқанмын, Қазақстанның болашағы шын мәнінде жастардың, ең алдымен білімді жастардың қолында.  Дүниежүзілік экономикалық форум мәліметтеріне сәйкес, адами капиталдың әлемдік индексінде Қазақстан өткен жылы 35-орынға көтерілді, ал 2017 жылы ол 45-орында болған еді. Сонымен қатар, білім беруде 157 елдің ішінде 10-орында тұр. Әрине, бұл – жоғары, сенім ұялататын көрсеткіш. Дегенмен, біз осымен тоқтап қалмаймыз», – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы осылайша заманауи білім беру моделі қалыптасатынын айтты. Білім беру құрылымдарын жүйелі дамыту шаралары қабылданып жатқанын атап өтті.

«Бізде 3 мың білім беру нысаны, оның ішінде шамамен 2 мың мектеп салынды. Қазақстандық оқушылар математика мен жаратылыстанудан үлгерім бойынша жаһандық рейтингтің алғашқы ондығына кірді. 500 колледжде 3 мыңнан астам кәсіпорынның қатысуымен дуальды оқыту енгізілді. Қазіргі уақытта 200 мың студент бірінші жұмысшы мамандығын тегін алып жатыр. Жоғары білімі бар 2 млн 800 мың кадр дайындалды. Жұмыс берушілер, оның ішінде біздің шетелдік инветорлар да кадр дайындау ісіне белсене атсалысып жатыр», – деді Қ.Тоқаев.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • ҚР Президенті: Мектепте домбыра үйрену сабағын енгізу қажет

    ҚР Президенті: Мектепте домбыра үйрену сабағын енгізу қажет

    Мектепте домбыра үйрену сабағын енгізу қажет. Бұл туралы бүгін  Ұлттық Домбыра күніне арналған мерекелік концертте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. “Бүгін міне барша халық болып, Ұлттық аспаптан шыққан күйдің құдіретін, қуатын сезіндік. “Сарыарқа”, “Балбырауын”, “Адай”, “Әлқиса” күйлері ұлттық рухымызды көтеретін таңғажайып туындылар. Домбыраның пернесінен шыққан күйде халқымыздың  терең тарихы бар. Біз атадан балаға аманат болған

  • Қасым-Жомарт Тоқаевтың мектепте оқыған кезіндегі видеосы жарияланды

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың мектепте оқыған кезіндегі видеосы жарияланды

    Осыдан тура 50 жыл бұрын таспаға басылып қалған құнды видеокадрлар. Алматыдағы №25 мектептің 10 сынып оқушылары сенбілікте жүр. Таныған да боларсыздар араларында қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы да бар», деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында. Осыдан тура 50 жыл бұрын таспаға басылып қалған құнды видеокадрлар. Алматыдағы №25 мектептің 10 сынып оқушылары сенбілікте жүр. Таныған да боларсыздар

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog