|  |  | 

Білім жарысы Жаңалық

Алматыда жас математиктер марапатталды

Алматыда республикалық  «Бастау» турнирі өтті. Бұл байқауда Қазақстандағы ең үздік математик оқушылар марапатталды.

ҚР Тұңғыш Президенті қорының бастамасымен 2-4 сынып оқушылары Назарбаев Интеллектуалды мектебінің базасында екі күн бойы математикалық білімін сынады.
Алматыда жас математиктер марапатталды

Ұйымдастырушылардың айтуынша, турнир  балалардың математикалық білімдерін нығайтып, қолдауға бағытталған.

«Барлық тапсырмалар математикалық логикаға сүйеніп жасалды. Бұл тапсырмаларды шешу баланы дұрыс қорытынды шығаруға, дұрыс шешім табуға көмектеседі», – деді ұйымдастырушылар.
Алматыда жас математиктер марапатталды

Команда жетекшілері – бастауыш сынып мұғалімдері де бос қарап отырған жоқ. Оларға арнап «Бастауыш мектеп оқушыларына стандарттан тыс математиканы үйрету» оқу тренингі жүргізілді.

Бас жүлдені Нұр-Сұлтан қаласы №1 мектеп-гимназиясының оқушысы Аңсар Қабдолла алды. 1,2,3-орындарды Алматыдағы  №140 мектеп гимназиясының оқушысы Әсел Жұмағалиева, Астана халықаралық мектебінің оқушысы Жәңгір Болат иемденді.
Алматыда жас математиктер марапатталды
Алматыда жас математиктер марапатталды

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • ҰБТ: Бір ғана талапкер 140 балл жинай алды

    ҰБТ: Бір ғана талапкер 140 балл жинай алды

    Ұлттық бірыңғай тест тапсырған түлектерден республикалық апелляциялық комиссияға 111 өтініш түсті. Бұл туралы бүгін ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев айтты. 20 маусымнан бастап елімізде ҰБТ басталды. Бүгінгі күнге дейін бес лек өтті. Бүгін тестілеудің алтыншы күні өтіп жатыр.  Тестілеуге өтініш берген 74 365 түлектің 71 227-сі қатысты.

  • Көзіме бір көрінші 140 балл…

    Көзіме бір көрінші 140 балл…

    Тартысқа толы 9 күн. Қолжетпеске айналған 140 балл. Жылаған оқушы, жұбатқан ата-ана. Иә, мектеп бітіруші кез келген түлектің арманы – жоғары балл алу. Тестілеудің дәл осы балдық жүйесі 2017 жылдан бастап өзгерген еді. Содан бері 3 жыл өтсе де, ең жоғары балды қанжығасына байлаған бір ғана түлек  Шиара Құдайбергенова болып тұр. Шиара Құдайбергенова бүгінде  Алматыдағы Сүлеймен Демирел

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog