|  | 

Керекті кеңес

ҰБТ тапсыру форматында өзгеріс бар ма?

Министрліктің мәліметіне сүйенсек, жалпы, ҰБТ-ны тапсыру форматы бұрынғыдай қалады. Дегенмен, оны өткізу процесін жетілдіру, тестілеуге қатысушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында бірқатар жаңашылдықтар енгізілген.

«2019 жылдан бастап ҰБТ жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін жылына 4 рет (қаңтар, наурыз, маусым, тамыз) өткізіледі. Әр тапсырған сайын талапкерге түрлі бейіндік пәндер комбинациясын таңдау мүмкіндігі беріледі. Ал грант конкурсына қатысу үшін оқуға түсуші маусым айында өтетін ҰБТ-ны тапсыруы қажет», – делінген министрліктің ақпаратында.

Биыл елдегі мектеп бітіруші түлектердің 71,6 пайызы Ұлттық бірыңғай тест (ҰБТ) тапсырады.

Биыл мектеп бітіретін 96 380 түлек маусым айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш берген. Бұл жалпы мектеп бітірушілердің 71,6%-ін құрайды.

«Шет тілін меңгергендігін растайтын TOEFL, IELTS халықаралық сертификаттарының шекті балы бар талапкерлер «Шет тілі» (ағылшын тілі) пәні бойынша тестілеуден босатылады», – дейді министрліктегілер.

Биылғы жылдың тағы бір жаңалығы ақылы оқуға түскісі келетіндерге қатысты болып отыр. Бұған дейін жоғары білім алуға ниеттілердің бәрі ҰБТ тапсыруға міндетті болса, биылдан бастап ақылы негіздегі бірнеше санатқа бұл міндеттілік жүрмейді.

Атап айсақ, қысқартылған оқу мерзімімен ақылы оқуға ниеттілер кәсіптік-техникалық немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түлегі болса, ҰБТ тапсырудан босатылады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Білім мен ғылымды бөлетін уақыт келген жоқ па?

    Білім мен ғылымды бөлетін уақыт келген жоқ па?

    Мемлекеттік қызмет са­ла­­сында әкімшілік рефор­малардың жиі жүр­гізілуі Қазақстан үшін таң­сық емес. Талай министр­лік бі­рікті, бөлінді, қайта қо­сылды, тарап кетті. Әрбі­рінің өз себебі де болды. Ал кейде білетіндер кезек­ті өзгерісті лобби қақты­ғы­сының нәтижесі деп те бағалап жатты. Алай­да қазір Білім және ғы­лым министрлігін ортадан қақ бөліп, еншілерін бөлек шыға­рып, қос мекеме қылатын кез кел­гендей. Бұл ешкімнің

  • Білім министрі ЖОО ректорларын тағайындау тәртібінің өзгеруіне қатысты пікір білдірді

    Білім министрі ЖОО ректорларын тағайындау тәртібінің өзгеруіне қатысты пікір білдірді

    Білім министрі ректорларды конкурстық негізде тағайындау нәтижесінде қандай артықшылықтарға қол жеткізетінін айтты. Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады. Білім министрі ЖОО-ның ректорларын тағайындау тәртібін өзгерту маңызды шешім екенін атап өтті. “Достар, мемлекет басшысының Жарлығымен ұлттық ЖОО-ның ректорларын тағайындау тәртібі өзгерді. Меніңше, бұл маңызды шешім. 2008 жылдан бастап ұлттық жоғары оқу орындарының ректорлары ҚР президенті тағайындап келді. Бұл шешім сол

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog