|  | 

Редактор бағаны

Екінші президент, он алтыншы министр…

Төрт ай бұрын бүгін экс атанып отырған зейнеттегі апам келгенде айтқан едім, “сәтті тағайындау, бірақ көп ұзамай зейнетке кетеді” деп, айтқанымдай болды.
Ал, осы жолы “шынымен сәтті тағайындау” деп айта аламын. Өз басым Бірғаным Әйтімовадан бергі министрлердің бәрінің тағайындалуына куә болып келе жатсам да, тұңғыш рет осы тағайындауға шын қуанып отырмын.
Себебін талдап көрейін, біріншіден, Асхат Аймағанбетов – Қарағанды облысы білім басқармасы басшысы, Сағадиев тұсында министрлікке сыймаған қабілетті вице-министр ретінде жақсы танимын. Білім саласының әр басқышынан өткен білікті кадр деп айта аламын.

Екіншіден, біреулер секілді жолдан қосылған бизнесмен, басқа емес, осы күнге дейін білігімен көрінген басшы.

Үшіншіден, күні ертең 14 маусымда 37 жасқа толатын жас министрді “көп балалы отбасынан шыққан, өз еңбегімен өрлеген” дейді білетіндер. Мен де арыны қатты болады деп сенемін.

Төртіншіден, вице-министр кезінде әлеуметтік желіде отырып, қойылған сұрақтың біразына ашық жауап беріп отыратын еді. Бұл ашықтығын жалғастырады деген үміттемін.

Сағадиев тұсында ноқтаға басы сыймай, облысқа әкім орынбасары болып кетіп еді. Қазір тергеуде жатқан сол кездегі вице-министр Суханбердиевалар көлеңкесінен қорыққан жас жігіт білім саласына серпін әкеледі деп сенемін.

Шыны керек, бұл тағайындау – мені жаңа президент туралы жақсы идеяға жетектеді. Иә сәт. Үкіметке осындай білікті, былғанбаған жастар келіп, жаңа дәуірге аяқ басамыз деп үміттенемін.

Жаңа министрге айтар жалғыз өтінішім – білім саласындағы жемқорлықты тазаласа. Кешегі ұлттық тестілеу орталығының қос басшысы, әр жолғы сотталған вице-министрлер бұл саладағы ауыр хәлді көрсетеді. Білім және ғылым саласы жемқорлықтан тазармаса, ел ешқашан ілгері баспайды.

Аятжан Ахметжан. Республикалық “QAZBILIM” орталығы директоры

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Бізде ҰБТ нәтижесі неге жоғары болады?

    Бізде ҰБТ нәтижесі неге жоғары болады?

    Биыл төртінші жыл оқушыларды ҰБТ тапсыртып жатырмыз, қатарынан төрт жыл алға ілгерілеп келеміз. Шүкір. Биыл Астана және Алматы қалаларында жалпы 400 оқушы ҰБТ-ға қатысады. Нәтижені алғашқы күннен бастап жарияласам, “Осындай жоғары көрсеткіштің құпиясы неде?” деп сұрайтындар көп. Құпия болатын ештеңесі жоқ, қызығушылық болса, айтайын. 1. Білікті ұстаз. Біздегі мұғалімдер барлығы тек тест арқылы қабылданып, іріктелген

  • ҰБТ тапсыратын түлектерге ескертер 8 мәселе…

    ҰБТ тапсыратын түлектерге ескертер 8 мәселе…

    Барша 2019 жылғы түлектерге сәттілік тілей отырып, мына сегіз мәселені ескерткім келеді. 1. Әр түрлі қитұрқы ақпарат өте көп тарайды, сол үшін де ешқандай ақпаратқа мән бермеңіздер. Ватцап немесе әлеуметтік желі мен сайттар таратқан ақпаратқа мән бермеңіздер… Басты мақсаттарың тек қана ҰБТ-ны сәтті тапсыру болсын! 2. Ешқандай шпорға сенбеңіздер. Шпордан ешқандай пайда жоқ. Ол –

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog