|  | 

Жаңалық

Асқар Мамин: Білім және ғылым министрлігінің алдында ауқымды міндеттер тұр

ҚР Үкіметінің басшысы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұжымына жаңа министрді таныстырды.

А. Мамин Асхат Аймағамбетовтың білім беру саласында тиісті білімі мен үлкен тәжірибесі бар екенін атап өтті. Асхат Аймағамбетов түрлі жылдары Қарағанды облысының Білім басқармасының басшысы, білім және ғылым вице-министрі қызметтерін атқарды, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болды.

Премьер-Министр Білім және ғылым министрлігінің алдында ауқымды міндеттер тұрғанын айтты. Бұл – мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық және жоғары білімді жаңғырту, сұранысқа ие заманауи мамандар даярлау, білім және ғылымның сапалы жүйесін дамыту.

Сондай-ақ Үкімет басшысы ҚР Президентінің Жарлығымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР білім және ғылым министрі лауазымынан босатылған Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова жемісті жұмысы үшін алғыс білдіріп, жаңа орында сәттілік тіледі.

«Күләш Ноғатайқызы тәжірибесі мол басшы. Министр қызметінде қарқынды жұмыс істеп, еліміздің білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосты», – деді ҚР Премьер-Министрі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Үздік оқытушылар анықталды

    Үздік оқытушылар анықталды

    Кеше Нұр-Сұлтан қаласында Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің құрылымдық мекемесі Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйытқы болуымен Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында А.Байтұрсынұлы атындағы республикалық оқытушы-ұстаздар байқауы өткізілді. Байқаудың алғашқы кезеңдері бұған дейін сатылы түрде барлық өңірлерде ұйым­дас­тырылып, осы сыннан сүрінбей өтіп, үздік деп танылған

  • Бюджет: Педагог мәртебесі бағытында қанша қаржы бөлінеді

    Бюджет: Педагог мәртебесі бағытында қанша қаржы бөлінеді

    2020-2022 жылдарға арналған бюджет жобасында білім және ғылым жүйесін дамытуға 2 трлн теңге бөлінеді. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын таныстыру барысында ҚР бірінші қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов мәлім етті. «Білім және ғылым жүйесін дамытуға 2020-2022 жылдарға арналған бюджет жобасында 2 трлн теңге, оның ішінде 2020 жылға 570,0 млрд

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog