|  | 

Жаңалық

Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрі болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Асхат Аймағамбетов Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі қызметінен босатылды.

Асхат Қанатұлы Аймағамбетов 1982 жылы 14 маусымда Қарағанды облысында дүниеге келді. 2003 жылы Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ тарих факультетін «тарихшы, тарих мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2006 жылы – Қарағанды «Болашақ» актуалды білім беру институтының заң факультетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2002 жылы Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-ден бастаған, 2004-2005 жылдары «Аңсар» жастар лигасы» ҚБ төрағасы болған, 2005-2006 жылдары «МЕДИА СП» ЖШС директоры, 2006-2012 жылдары – Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ саясаттану және әлеуметтану кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті ретінде қызмет атқарған. 2012-2014 жылдары Нұра ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 2014 жылғы ақпан айынан бастап 2017 жылғы тамызға дейін – Қарағанды облысы білім беру басқармасының басшысы лауазымында болды. 2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы білім және ғылым вице-министрі.
Соңғы тағайындалуға шейін 2019 жылдың қаңтарынан бастап Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • ҰБТ: Бір ғана талапкер 140 балл жинай алды

    ҰБТ: Бір ғана талапкер 140 балл жинай алды

    Ұлттық бірыңғай тест тапсырған түлектерден республикалық апелляциялық комиссияға 111 өтініш түсті. Бұл туралы бүгін ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев айтты. 20 маусымнан бастап елімізде ҰБТ басталды. Бүгінгі күнге дейін бес лек өтті. Бүгін тестілеудің алтыншы күні өтіп жатыр.  Тестілеуге өтініш берген 74 365 түлектің 71 227-сі қатысты.

  • Ақтөбеде шенеунік ҰБТ нәтижесін жақсарту үшін ақша жинаған

    Ақтөбеде шенеунік ҰБТ нәтижесін жақсарту үшін ақша жинаған

    Ақтөбе облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары мен Қандағаш ауылындағы мектеп директорына пара беруге итермеледі деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Күдіктілер Мұғалжар ауданындағы білім беру мекемелерінің басшыларын ҚР Білім және ғылым министрілігінен келген комиссия өкілдерінің мейрамханаларда тамақтану және қонақүйде тұру ақысын төлеуге итермелеген. Соның нәтижесінде ауданның ҰБТ нәтижелерін жоғары бағалатуға

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog