|  |  |  | 

Жаңалық Оқушы Үздік

Күләш Шәмшидинова үш баланы өрттен құтқарған студентті марапаттады

ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова үш баланы өрттен құтқарған студент Нұрсұлтан Исмағұловты марапаттады, деп хабарлайды Қазбілім министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ақпарат және технологиялар факультетінің 2 курс студенті, 21 жасар Нұрсұлтан Исмағұлов Нұр-Сұлтан қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінен шыққан өрт кезінде батылдық танытып, үш баланың өмірін сақтап қалған болатын. Оқыс оқиға Бейбітшілік көшесінде болды.

«Өз өмірін тәуекелге тігіп, қиындыққа түскен адамға көмек қолын созуға ұмтылатын жастар мақтауға тұрарлық. Әрине, осындай батыл да ержүрек баланы өсіріп, тәрбиелеген Нұрсұлтанның ата-анасына алғыс айтқымыз келеді. Осындай жігерлі балалардың қалыптасуы барысында мектеп пен білім ордаларындағы ұстаздардың атқаратын рөлі орасан. Біздің ортақ мақсатымыз – өскелең ұрпақтың күшті, жігерлі, батыл болып өсуіне барынша қолымыздан келгенше әрекет ету. Нұрсұлтан сияқты жастар – біздің заманымыздың нағыз батырлары»,- деп атап өтті, ержүрек студентті марапаттаған Білім және ғылым министрі К.Шәмшидинова.

Сол күні Нұрсұлтан достарымен астаналық саябақтардың бірінде серуендеп жүрген. Адамдардың шулап жатқанын естіп олар оқиға болған жерге достарымен тез жетеді. Тұрғын үйдің екінші қабатынан ер адамның көмекке шақырған дауысын естиді. Нұрсұлтан ешбір кідірместен төменде орналасқан дүкеннің шатыры арқылы үйдің екінші қабатына көтеріліп, үйдің терезесін сындырып, үш баланы өртке оранған пәтерден алып шыққан.

Күләш Шәмшидинова үш баланы өрттен құтқарған студентті марапаттады

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер пәтерде қалған тағы бір кішкентай бөбек пен отағасының өмірін арашалап қалды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • ҰБТ: Бір ғана талапкер 140 балл жинай алды

    ҰБТ: Бір ғана талапкер 140 балл жинай алды

    Ұлттық бірыңғай тест тапсырған түлектерден республикалық апелляциялық комиссияға 111 өтініш түсті. Бұл туралы бүгін ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев айтты. 20 маусымнан бастап елімізде ҰБТ басталды. Бүгінгі күнге дейін бес лек өтті. Бүгін тестілеудің алтыншы күні өтіп жатыр.  Тестілеуге өтініш берген 74 365 түлектің 71 227-сі қатысты.

  • Ақтөбеде шенеунік ҰБТ нәтижесін жақсарту үшін ақша жинаған

    Ақтөбеде шенеунік ҰБТ нәтижесін жақсарту үшін ақша жинаған

    Ақтөбе облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары мен Қандағаш ауылындағы мектеп директорына пара беруге итермеледі деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Күдіктілер Мұғалжар ауданындағы білім беру мекемелерінің басшыларын ҚР Білім және ғылым министрілігінен келген комиссия өкілдерінің мейрамханаларда тамақтану және қонақүйде тұру ақысын төлеуге итермелеген. Соның нәтижесінде ауданның ҰБТ нәтижелерін жоғары бағалатуға

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog