|  | 

Жаңалық

«Хан Шатырдағы» бала өлімінен кейін мектептегі лагерьлер жабыла ма?

ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова елордадағы «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығының бассейнінде мектеп оқушысының өліміне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеше біздің қызметкерлеріміз оқиға орнында болды. Бақылауда ұстап отырмыз. Адамдардың жауапкершілігі мен қауіпсіздікті күшейту қажеттігін айттық. Сол жерде болған куәгерлердің айтуынша, бұл жайт өте жылдам, қысқа ғана уақыттың ішінде орын алған», – деді білім министрі Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар ол балаларды суға жүзуге үйретуді ұйымдастыруға қатысты Білім және Ішкі істер министрліктерінің бұйрығы бар екендігін еске салды.

«Мұндай жұмыс жүргізіліп жатыр. Жазғы лагерьде жұмыс істейтін адамдарға қатысты айтар болсам, әрбір мұғалім балалар өмірінің қауіпсіздігі үшін жауапты. Сондықтан олар оқудан өтеді», – деді ол.

Осы ретте министр аталған оқиғаға байланысты мектептер жанындағы лагерьлердің жабылатыны туралы ақпараттың қаңқу сөз екендігін айтты.

«Мектеп лагерьлері бұрынғы режімде жұмыс істей беретін болады. Қатаңдатуға қатысты айтар болсам, адамдарды жинап, тағы бір мәрте оны қалай жүргізу керектігін, бұйрық болуы тиістігін түсіндірдік», – деді  К.Шәмшидинова.

Осы оқиғаға қатысты ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев та пікір білдіріп, қылмыстық іс қозғалғанын айтқан еді.

Еске салайық, 3 маусым күні «Хан Шатыр» СОСО бассейнінде қыз бала суға батып кетті. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • ҰБТ: Бір ғана талапкер 140 балл жинай алды

    ҰБТ: Бір ғана талапкер 140 балл жинай алды

    Ұлттық бірыңғай тест тапсырған түлектерден республикалық апелляциялық комиссияға 111 өтініш түсті. Бұл туралы бүгін ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев айтты. 20 маусымнан бастап елімізде ҰБТ басталды. Бүгінгі күнге дейін бес лек өтті. Бүгін тестілеудің алтыншы күні өтіп жатыр.  Тестілеуге өтініш берген 74 365 түлектің 71 227-сі қатысты.

  • Ақтөбеде шенеунік ҰБТ нәтижесін жақсарту үшін ақша жинаған

    Ақтөбеде шенеунік ҰБТ нәтижесін жақсарту үшін ақша жинаған

    Ақтөбе облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары мен Қандағаш ауылындағы мектеп директорына пара беруге итермеледі деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Күдіктілер Мұғалжар ауданындағы білім беру мекемелерінің басшыларын ҚР Білім және ғылым министрілігінен келген комиссия өкілдерінің мейрамханаларда тамақтану және қонақүйде тұру ақысын төлеуге итермелеген. Соның нәтижесінде ауданның ҰБТ нәтижелерін жоғары бағалатуға

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog