|  | 

Керекті кеңес

Шәмшидинова: Баланы 6 жастан мектепке беру – міндетті

ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова 6 жасқа толған балалардың балабақшадан шығарылуына қатысты түсінік берді.
Заңда 6 жастан бастап баланың мектепте білім алатындығы нақты жазылған. Сондықтан ата-аналар 6 жастан бастап балаларын мектепке  бергені дұрыс. Жалпы, бұл заңда жазылғандықтан, міндетті саналады. Бірақ, біз әрбір адамның дербес екендігін білеміз. Осы тұрғыдан алғанда, ата-аналардың өздері де баласының қаншалықты мектепке баруға дайын екендігін қарауы керек шығар. Бірақ, бұл, ата-анасы қаласа, баласын мектепке жібермейді деген сөз емес. Өздеріңіз де білесіздер бұл мәселе заңға таяуда ғана енгізілді. Сол себепті министрлік қазіргі уақытта оған мониторинг жүргізіп отыр», – деді Күләш Шәмшидинова Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, балабақшалардың жанында мектепке дайындық тегін жүргізіледі.

«Егер бала мектепке дайындықты, мәселен, 5 жас 8 айында бастаса, онда ол қалай болғандада мектепке дейінгі ұйымдағы дайындық бағдарламасын аяқтауы тиіс. Әрине, бұл ретте басқа мәселе бар. Егер тексеруші ұйым келсе, онда оның тарапынан «6 жасқа толған бала неліктен балабақшада жүр» деген сауал туындайды. Сондықтан  қазір бұл мәселені шешудің заңды жолын қарастырып жатырмыз», – деді Білім министрі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Бірінші сынып оқушысы кездестіретін негізгі жағдайлар және оны қалай шешу керек?

    Бірінші сынып оқушысы кездестіретін негізгі жағдайлар және оны қалай шешу керек?

    Кез келген ата-ана үшін баласының бірінші сыныпқа баруы өте маңызды сәт. Сондықтан ата-ана балаға барлық керек-жарағын алып береді және оны психологиялық түрде мектепке дайындай бастайды. Алайда бала мектепке 100% дайын дегеннің өзінде, бірінші сынып оқушысы түрлі жағдайларға тап болады. Мұндай жағдайларда ата-ана балаға ұрыспай, оны ұялтпай, керісінше, қолдау көрсете білу керек. Үйді сағыну Балаңыз балабақшаға

  • Мұғалім, ізденіс һəм сабақ туралы бірер сөз

    Мұғалім, ізденіс һəм сабақ туралы бірер сөз

    1.Бауыржан Момышұлы соғыста жүріп күнделік жүргізген. Ол жазбалары 37 дəптерге жеткен.Бұл- Бауыржан соғыста жай жүрген жоқ анализ жасады, ойланды, толғанды деген сөз. Қан кешіп жүріп кітап диктовать етті. Содан Александр Бек “Волоколамское шоссені” жазды. Егер соғыста ізденуге, кітап оқуға болса, жайшылықта ізденуге, оқуға болады деген сөз. (Кітап оқуға уақыт жоқ, мүмкіндік жоқ дейтіндер үшін). Меніңше,

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog