|  | 

Жаңалық

ҚР БҒМ шетелдегі қазақтар үшін магистратура, докторантура бойынша білім гранттарын ұсынды

Білім және ғылым министрлігі ҚР азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының тұлғалары үшін білім гранттарын ұсынды. Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы»хабарлады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бакалавриат, магистратура мен PhD докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша біздің елдің ЖОО-да білім алу үшін шетел азаматтарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының тұлғаларын шақырады.

Грант саны:
1 Бакалавриат – 25
2 Магистратура – 125
3 PhD докторантура – 10

Стипендиялық бағдарламаның операторы – ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы.

Үміткерлер құжаттарды 2019 жылдың 15 мамырынан 19 шілдесіне дейін тапсыра алады.

Құжаттарды тапсыру Оператордың порталында келесі сілтеме бойынша жүзеге асырылады: Осы араны басу арқылы.

Үміткерлер өтініш нысанын толтырған кезде құжаттардың сканерленген нұсқаларын жүктеу керек екенін ескеруін сұраймыз.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Үздік оқытушылар анықталды

    Үздік оқытушылар анықталды

    Кеше Нұр-Сұлтан қаласында Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің құрылымдық мекемесі Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйытқы болуымен Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында А.Байтұрсынұлы атындағы республикалық оқытушы-ұстаздар байқауы өткізілді. Байқаудың алғашқы кезеңдері бұған дейін сатылы түрде барлық өңірлерде ұйым­дас­тырылып, осы сыннан сүрінбей өтіп, үздік деп танылған

  • Бюджет: Педагог мәртебесі бағытында қанша қаржы бөлінеді

    Бюджет: Педагог мәртебесі бағытында қанша қаржы бөлінеді

    2020-2022 жылдарға арналған бюджет жобасында білім және ғылым жүйесін дамытуға 2 трлн теңге бөлінеді. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын таныстыру барысында ҚР бірінші қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов мәлім етті. «Білім және ғылым жүйесін дамытуға 2020-2022 жылдарға арналған бюджет жобасында 2 трлн теңге, оның ішінде 2020 жылға 570,0 млрд

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog