|  | 

Жаңалық

Вице-министр білім саласындағы өзекті бағыттарды атады

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова бүгінде ведомство алдында тұрған негізгі мақсаттарды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біріншіден, «ЖОО-мемлекет-бизнес» форматының өзара іс-қимылын дамытуға қатысты. Бұл формат Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттігін арттыруға негізделген. Осы арқылы біз қазақстандық жоғары мектептің экспорттық әлеуетін нығайтуды, шетел студенттері үшін ЖОО тартымдылығын көтеруді еңсереміз. Бұл мақсатты шешу кезінде барлық ресурстарды жұмылдыру керек, оның ішінде мемлекеттік органдар да қамтылуы тиіс. Себебі қазақстандық білім беру сапасы  еліміз экономикасының бәсекеге қабілеттігіне тікелей байланысты. Осы орайда бизнес-серіктестерді тарту қажет. Бұл тұрғыда өңірлер мен олардың басшыларын біздің ЖОО-ларға қолдау көрсетуін сұраймын», – деді Ф. Жақыпова елордадағы «Инновациялық экономика үшін кәсіпкерлік білім» атты ІІІ халықаралық форумында.

Оның сөзіне қарағанда, еңбек нарығында дайындалған әрі сұранысқа ие мамандар мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Соңғы кездері бұл тақырып жиі талқыланып келеді.

«Біз бизнес-қоғамдастықты осы мәселеде авангард болуға шақырамыз. Сіздердің бастамаларыңызбен  жаңа білім беру бағдарламалары әзірленуі тиіс»,  – деді вице-министр.

Мұнымен қоса ол ЖОО-ларда құрылатын технопарктер мен бизнес-инкубаторлар нәтижеге жұмыс істеуі тиіс екенін, осы салада ректорлар белсенді болуы керектігін атап өтті. Бұл ретте сұранысқа ие ғылыми зерттеулер жүргізіліп, экономикаға қажетті жаңа технологиялардың құрылуы маңызды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елордада «Инновациялық экономика үшін кәсіпкерлік білім» атты ІІІ халықаралық форум өз жұмысын бастады.

Форумның мақсаты – кәсіпкерлік білім беру саласында оқыту мен тәжірибе алмасу үшін ашық сараптамалық пікірталасқа аудиторияны тарту. Онда мамандар осы сектордағы білім беру бағдарламаларының үздік тәжірибелері мен трендтері туралы әңгімелейді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • ҰБТ: Бір ғана талапкер 140 балл жинай алды

    ҰБТ: Бір ғана талапкер 140 балл жинай алды

    Ұлттық бірыңғай тест тапсырған түлектерден республикалық апелляциялық комиссияға 111 өтініш түсті. Бұл туралы бүгін ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев айтты. 20 маусымнан бастап елімізде ҰБТ басталды. Бүгінгі күнге дейін бес лек өтті. Бүгін тестілеудің алтыншы күні өтіп жатыр.  Тестілеуге өтініш берген 74 365 түлектің 71 227-сі қатысты.

  • Ақтөбеде шенеунік ҰБТ нәтижесін жақсарту үшін ақша жинаған

    Ақтөбеде шенеунік ҰБТ нәтижесін жақсарту үшін ақша жинаған

    Ақтөбе облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары мен Қандағаш ауылындағы мектеп директорына пара беруге итермеледі деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Күдіктілер Мұғалжар ауданындағы білім беру мекемелерінің басшыларын ҚР Білім және ғылым министрілігінен келген комиссия өкілдерінің мейрамханаларда тамақтану және қонақүйде тұру ақысын төлеуге итермелеген. Соның нәтижесінде ауданның ҰБТ нәтижелерін жоғары бағалатуға

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog