|  | 

Керекті кеңес

Балалардың жазғы лагерьлерге жолдамасы қанша тұрады

Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова жазғы лагерьлердің жолдама бағасы қанша екенін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Лагерьлердегі сауықтыру қызметінің тарифтерін жергілікті атқарушы органдар мен тиісінше аталған мекемелер бекітеді. Жолдамалардың бағасы шамамен 10 мың теңгеден басталады. Ары қарай лагерьде демалу ұзақтығына байланысты болады. Ол – шамамен 10-40 мың теңге аралығында», – деді вице-министр Үкіметтің баспасөз орталығында.

Сонымен қатар, Бибігүл Асылова университеттерде ашылатын жазғы мектептердің қалай жасақталатыны туралы айтып берді.

«Біз ЖОО базасында жазғы мектептерді ашқалы отырмыз. Қазіргі таңда онға тарта жоғарғы оқу орыны академиялық мектеп ашып жатыр. Бұрын бұл тәжірибеде бар еді. Алайда ауқымды болмаған. Биыл ғана ЖОО-лар осы бастаманы іліп әкетіп, әртүрлі профиль бойынша жазғы мектептерді ашады», – дейді ол.

Бибігүл Асылованың айтуынша, еңбекпен балалардың 33 пайызы қамтылмақ.

«Жалпы, елімізде 6,7 мың еңбек отрядтары жасақталып, оған 180 мыңға тарта бала жұмылдырылады. Көгалдандыру бойынша 15 мың бригада – 524 мың бала жұмыс істейді. 2 333 әртүрлі ЖШС мен жеке кәсіп иелерінде 156 мың бала жұмыспен қамтылады. Еңбек кодексіне сәйкес ата-аналардың рұқсатымен үш жақты келісім жасалады. Ол келісімге ата-ана, жұмыспен қамту орталығы мен жұмыс беруші қол қояды. Жұмыс кестесі 3-4 сағаттан аспауы керек. Бала кез келген уақытта, тіпті оқу жылы кезінде де жұмыс істей алады. Алайда бұл жұмыс оқушының білім алуына кедергі келтірмеуі керек», – дейді вице-министр.

Еске сала кетсек, бүгінгі Үкімет отырысында Үкімет басшысы Асқар Мамин Білім және ғылым министрлігіне балалардың жазғы демалысын жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін тиісті жол картасын әзірлеуді жүктеген болатын.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Мұғалімдердің жалақысын көтермей, білім жүйесін ілгерілете алмаймыз – Мәулен Әшімбаев

    Мұғалімдердің жалақысын көтермей, білім жүйесін ілгерілете алмаймыз – Мәулен Әшімбаев

    Мұғалімдердің жалақысын көтермей, білім жүйесін ілгерілете алмаймыз. Бұл туралы бүгін  “Nur Otan” партиясы  Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл салада шешуіміз қажетті көптеген проблеманың бар екендігін көріп отырмыз. Ең алдымен, бұл – педагогтарымыздың жалақысы. Бүгінде педагогтар әлеуметтік жағынан ең қорғалмаған топ болып отыр. Егер экономика салаларын орташа есеппен алсақ, білім беру

  • Баланың мамандық таңдауына араласу дұрыс па?

    Баланың мамандық таңдауына араласу дұрыс па?

    Бұл сұраққа келгенде ата-ананың пікірі екіұдай болары сөзсіз. Кейбір ата-ана баласының өзі таңдаған мамандығына келісім беріп, еркіндік танытып жатса, кейбірі бұған үзілді-кесілді қарсы шығып, «ол мамандықтан ақша таба алмайсың» деген уәжбен баласын райынан қайтарады. Қайсысы дұрыс? Біздің бұл тақырыпқа тоқталуымызға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының директоры, педагогика ғылымдарының

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog