|  | 

Білім жарысы

Республикалық Мәшһүр Жүсіп оқулары байқауының жеңімпаздары анықталды – Павлодар

Павлодар қаласында алғаш рет дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатында І республикалық Мәшһүр Жүсіп оқулары өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі Дәмелі Саламбекованың айтуынша, конкурсқа 12 облыстан 56 оқушы  қатысқан. Жас өрендер «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген», «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы», «Білімді зерек адам болам!» – десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» атты эссе жазу, «Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» бағыттары бойынша   ұлы баба мұрасынан өз білгендерін, ойға түйгендерін, болашақ қоғамға керек дегендерін ортаға салды.

Республикалық Мәшһүр Жүсіп оқулары байқауының жеңімпаздары анықталды - Павлодар

Қазылар алқасының шешімімен 28 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды. Оның ішінде Павлодар қаласы Ы.Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы Гүлнар Жанболат, Ы.Алтынсарин атындағы гимназия интернатының 11 сынып оқушысы Райымбек Тұрсынхан, Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы Айдана Қайырбаева бас жүлдегерлер атанды. Сондай-ақ, төрт оқушы І орын, сегізі ІІ орын және 12-сі ІІІ орынға лайық деп танылды. Павлодар облысы білім беру басқармасы бас жүлде иегерлеріне – ұялы телефон, І орынға – POWER BANK, ІІ орынға – «Суретті өнер тарихы» энциклопедиясын, ІІІ орынға «Ғылым жыл өткен сайын» энциклопедиясын сыйлыққа тарту етті. Ерекше көзге түскен оқушы – Ы.Алтынсарин атындағы гимназия интернатының 11 сынып оқушысы Райымбек Тұрсынханға С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің оқу грантын табыс етті. Республикалық конкурсты ұйымдастыру комитеті барлық қатысушыларға сертификат, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірбаяны туралы жинақ-кітапша сыйға тартып, Павлодар облысының көрікті жеріне саяхат жүргізілді.

 

Бас жүлдегерлерді дайындаған мұғалімдер Ы.Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернатының мұғалімдері Асхат Тұрғанбек, Райгүл Мұхаметжанова, Қызылорда облысы Қызылорда қаласының № 274 орта мектебінің мұғалімі Марихан Демеуова және Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Назаргүл Ахметжанованы Павлодар облысы тілдерді дамыту басқармасының басшысы Сәуле Османова алғыс хатпен және «Әлихан Бөкейхан» энциклопедиясымен марапаттады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Қазақстандық оқушылар Батыс Қытай математикалық олимпиадасынан жүлдемен оралды

    Қазақстандық оқушылар Батыс Қытай математикалық олимпиадасынан жүлдемен оралды

    Қазақстандық оқушылар кезекті Батыс Қытай математикалық олимпиадасынан 4 медаль жеңіп алды. Бұл турады «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы хабарлады. «2019 жылдың 11-16 тамыз аралығында Қазақстан Республикасының құрама командасы ҚХР-дың Гуйчжоу провинциясы, Цзуньи қаласындағы Батыс Қытай математикалық олимпиадасына қатысты. Олимпиадаға Сингапур, Филиппин сынды елдерден 212 оқушы (26 команда) қатысты», – делінген ресми хабарламада. Нәтижесінде, Қазақстан құрама командасы

  • Қазақстан оқушылары математика бойынша әлемнің үздік 10 елінің қатарына кірді

    Қазақстан оқушылары математика бойынша әлемнің үздік 10 елінің қатарына кірді

    Қазақстан оқушыларының математика-жаратылыстану ғылыми сауаты бойынша әлемнің үздік 10 елінің қатарына кірді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Посткеңестік елдерде кадр дайындау жүйесі еңбек нарығының талаптарына сай емес, мемлекеттік реттеу тым артық, ал оқыту негізінен академиялық сипатқа ие» деген пікір бар. Шынымен де, бұл сын әділ. Аталған проблеманы

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog