|  | 

Жаңалық

Түркістан облысында мектеп бітірушілердің орташа балы 79,5-ті құрады

Түркістан облысында 2018-2019 оқу жылында 24061 оқушы 11 сыныпты бітіреді.
ҚР Білім және ғылым министрлігі мектеп бітіруші түлектердің іс-шарасын 12 маусымда мектеп қабырғасында өткізуді ұсынып отыр.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Садықова мәлімдеді.

Оның деректеріне қарағанда, ҚР Білім және ғылым министрлігімен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына сәйкес, ҰБТ 2019 жылдың 20 маусым – 5 шілде аралығында өткізіледі.

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеудін ерекшеліктері 2019 жылдан бастап ҰБТ жылына 4 мезгіл өткізіледі: қаңтар, наурыз (ақылы), маусым (ақысыз), тамыз (ақылы). Қаңтар, наурыз, тамыз тестілеу нәтижесімен – бітіруші ақылы түрде оқуға түсу мүмкіндігін алады.

Маусымдағы тест – мемлекеттік грант негізінде тегін оқуға түсуге мүмкіндік береді. Жалпы ҰБТ тапсыру ережесінде өзгерістер жоқ. ҰБТ-ға құжаттар қабылдау ағымдағы жылғы 1 сәуірде басталған 10 мамырда аяқталады.

«Түркістан облысында 15 ҰБТ өткізу пункттері бар. Олардың 1-уі жоғары оқу орынының базасында, 2-уі колледждер базасында, 12-сі орта мектептердің базасында. 2019 жылдың қаңтар айында алғаш рет ақылы түрде 5206 бітіруші тест тапсырды, тест қорытындысы бойынша облыстың орта балы 58,3-ті құрады. Наурыз айында 14375 түлек ақылы тестке өтініш беріп, 14 208-і тестке қатысты. Орта бал – 79,5-ті құрады», – деді Ардақ Мәдіханқызы.

Сонымен қатар, 11-сынып бітірушілеріне мектептерге енгізілген «BILIMLEND» электронды платформасындағы «Іtest» жүйесінде ҰБТ-ға тегін дайындалуға және Ұлттық тестілеу орталығының сайтында ақылы түрде байқау тестін тапсыру мүмкіндігі қарастырылған.

Сонымен қатар, облыста «EDTECH-KZ» халықаралық білім орталығының «KASIP TEST» жеке тұлғаның кәсіби диагностикасының автоматтандырылған жүйесі арқылы мектеп бітірушілерге онлайн түрде кәсіби диагностикалау жүргізілді. Кәсіби диагностикаға 24183 11-сынып оқушыларының 21542-і қатысты.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Балабақшаларға деген қажеттілік МЖӘ арқылы шешіліп жатыр – вице-министр

    Балабақшаларға деген қажеттілік МЖӘ арқылы шешіліп жатыр – вице-министр

    Елімізде биылғы жылдың алғашқы 6 айында 565 мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы келісім жасалды, олардың басым бөлігі білім беру саласында. Бұл туралы бүгін Үкіметтің баспасөз мәжілісінде ҚР ұлттық экономика министрінің орынбасары Мәди Тәкиев мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы төрт жылда республикада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқасында мектепке дейін мекемелерге (балабақша) деген шұғыл қажеттілік мәселесі шешілген. «1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 1,29

  • Педагог қазақ қыздары ауылға аттанды

    Педагог қазақ қыздары ауылға аттанды

    Алматыдағы Қазақтың Мемлекеттік әйелдер педагогика институтын жақында 71 қазақ қызы бітіріп шықты. Олардың көпшілігі алыстағы қазақ аудандарындағы орта мектептерге оқытушылық қызметіне аттанды. Бүгін газетімізде институтты тұңғыш рет бітіріп шыққан жас педагог қыздарға арналған материалдар және оқуды отлично бағамен аяқтағандардың пікірлерін беріп отырмыз. Жарқын өмірге жолдама Қазақтың мемлекеттік әйелдер институтын тұңғыш рет бітіріп, үлкен өмірге маңызды

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog