|  | 

Жаңалық

Қазақстанда АҚШ, Жапониядағыдай «жасыл» білім беру кампустары құрылмақ

Қазақстанда АҚШ, Жапониядағыдай «жасыл» білім беру кампустары құрылады. Бұл туралы бүгін XII АЭФ аясындағы «Жасыл өсім үшін инновациялық экожүйені құру. Ғылым, білім және технология» сессиясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова айтты.

Жасыл кәсіби білім беру тұрақты дамуға септігін тигізетін экономикалық, экологиялық және әлеуметтік аспектілері қамтуы тиіс”, – деп атап өтті Үкімет басшысының орынбасары.

Осы орайда вице-премьер кәсіби білім беру үшін шарты түрде жасыл кампус, тұрақты дамудың субъектісі ретіндегі жасыл оқу орындарының ықпалдасуы маңызды екендігін баса айтты.

“Қазіргі уақытта жасыл кампустар құру идеясы дамып келе жатыр. Оның миссиясы факультеттердің өмірлік тыныс-тіршілігіне осындай тәжірибелері енгізу және көрсету арқылы тұрақты даму ұстанымдарынан таймау қажеттігіне түрлі аудиторияның назарын аудару саналады. Мұндай бағдарлама АҚШ, Ұлыбритания, Дания, Швейцария, Австралия, Қытай, Жапония және Қытайда жемісті жүзеге асырылуда”, – деді ол.

Айта кетерлігі, осы сессия барысында Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы төралқасының төрағасы Әлия Назарбаева экологтарды дайындау реформасын жеделдету қажеттігін айтқан болатын.

«Кәсіби кадрларды дайындау жүйесіндегі сапалық реформалар процесін жеделдетіп, экологиялық қауіпсіздік пен лайықты еңбек шарттарын құруға басымдық бере отырып, үкімет, жұмыс беруші, еңбек биржасы, сонымен қатар филантроптардың келісілген іс-әрекетін түзу қажет деп санаймын. Бұл энергиямен шикізатты пайдалану тиімділігін арттыруға, парникті газдар шығарындыларын шектеуге,  қоршаған ортаға қоқыстар мен лас заттардың шығуын азайтуға, экожүйені қорғап, қалпына келтіруге алып келеді», – деді Әлия Назарбаева.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Елбасы оқу орындарындағы жемқорлық туралы айтты

    Елбасы оқу орындарындағы жемқорлық туралы айтты

    Бүгін елордада Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Осы отырыста Елбасы оқу орындарындағы жемқорлық туралы айтты. «Сыбайлас жемқорлықпен күресіп, партияның ішін тазарту керек. Біз өзімізден бастауымыз керек. Халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс істеуге жұмылдыру керек. Қоғамда тұрмыстық сыбайлас жемқорлық кең тараған. Оқу орындарында сессияларды сатып алады,

  • 63 мыңнан астам оқушы жаңа бағдарлама бойынша оқиды

    63 мыңнан астам оқушы жаңа бағдарлама бойынша оқиды

    Жаңа оқу жылында Алматыда 4,9,10 сыныптардың 63 мыңнан астам оқушысы жаңа бағдарлама бойынша оқиды. Бұл туралы Алматы қалалық білім басқармасының бастығы Гүлнәр Қожабергенова айтты. «Қалада жалпы білім беретін 204 мемлекеттік, 55 жеке меншік мектеп бар. Онда 257 мыңнан астам оқушы оқиды. Орта білім саласында негізгі әдістер анықталған. Қазіргі уақытта Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесі таратылуда. Жаңа

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog