|  | 

Жаңалық

Елорда оқушылары әмбебап картаны пайдалана алады

Елорда әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрова мектеп оқушыларына арналған әмбебап карта туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Автобуспен жүру, мектептегі турникеттен өту, асханада түскі ас ішу секілді қызметтерді бір картаның көмегімен алуға болады. Өткен жылдың қарашасынан бастап № 59 мектепте тамақтану бойынша қолма-қол ақшасыз есептесудің автоматтандырылған жүйесі тұрғысында қанатқақты жобаны енгізуге кірістік. Енді ата-аналар балалардың сатып алған тағамдарын қадағалап, тексере алады, сондай-ақ тәуліктік лимитті орнатуға мүмкіндік бар. Мұнымен қоса, карта арқылы мұғалімдер баланың мектепке қашан келгенін және шыққанын көреді», – деп жазды М. Бектұрова  өзінің Telegram каналында.

Оның айтуынша, асханадағы POS-терминалдар оқушылар туралы ақпаратты саралайды, яғни қандай өнімдер баланың аллергиясын тудыратыны, оқушының күндізгі лимиті және басқа да мәліметтер қамтылады. Терминал smart-schools.kz ақпараттық порталымен біріктірілген. Жүйеде 3 000 астам карта тіркелген.

Атап айтқанда, бұл қанатқақты жоба, сондықтан барлық ұсыныстар мен кемшіліктер ескеріліп, түзетіледі. Сонымен қатар, жүйе AstraPlat жол жүру карталарын пайдаланады.

«1 сәуірден бастап тағы да 34 мектеп аталған жаңа жүйеге қосылды. Оқушы QR-кодты сканерлеу арқылы немесе Астана LRT картасын асханадағы арнайы терминалға жақындату мүмкіндігімен түскі астың ақысын төлей алады», – деді әкімнің орынбасары.

Оқушыларды сәйкестендіру үшін бірнеше ақысыз нұсқаларды пайдалануға болады: мобильдік қосымша; Astana LRT картасын байланыстыру; фотосурет пен жедел QR-кодты белгілеу арқылы оқушылардың қорғалған жеке картасы.

«Бұл тұғырнамаға Нұр-Сұлтан қаласындағы барлық мектептердә 1 қыркүйекке қарай қосу жоспарланып отыр», – деді Мәлика Бектұрова.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Асқар Мамин балалардың жазғы демалысы бойынша жол картасын әзірлеуді тапсырды

    Асқар Мамин балалардың жазғы демалысы бойынша жол картасын әзірлеуді тапсырды

    Үкімет басшысы Асқар Мамин Білім және ғылым министрлігіне балалардың жазғы демалысын жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін тиісті жол картасын әзірлеуді жүктеді. «Балалардың демалысын ұйымдастыру – маңызды мәселе. Ол әрбірімізге қатысты. Қарағанды, Алматы, Павлодар облыстарында балалардың демалысы жоғары деңгейде жоспарланған. Бұр жерлерде балалардың демалысын ұйымдастыру мәселесі толығымен шешілген. Аталмыш жұмысқа тиісті деңгейде көңіл бөлмеген өңірлер де бар.

  • Бір футболшы неше мұғалімнің айлығын алады?

    Бір футболшы неше мұғалімнің айлығын алады?

    Қазақстанның Футбол Федерациясы әр жылдың соңында футболшылардың жылдық есебін жария етіп тұрады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 2018 жылғы орта есепке сүйенетін болсақ, Қазақстан футболшылары АПЛ ойындарынан 148 мың АҚШ долларын, яғни сол уақыттағы бағаммен 55 млн теңге алып отырған. Бұл – жалпы топтың айлығы. Адам басына шаққанда әрқайсысы шамамен кемінде 3 млн 500 мың теңгеден алды.

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog