|  | 

Керекті кеңес

Студенттер жоғары шәкіртақыны қандай жағдайда алады

ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова студенттердің шәкіртақысын көтеру жоспары туралы айтты

Шәкіртақыны 30 пайызға дейін көтеру әлеуметтік тапсырысты орындау арқылы жүргізілуде. Бұл тұрғыда волонтерлік қозғалысқа қатысты болып тұр, яғни репетиторлықта көмек көрсететін, қарттар үйлерінде, балалармен жұмыс істейтін, сондай-ақ басқа да салаларда әрекет ететін студенттер қамтылмақ», – деді министр елордадағы көпбалалы аналармен кездесу барысында.

Сонымен қатар, ведомство басшысы оқу бағдарламаларын өзектілендіру тақырыбына тоқталды.

«Қазіргі кезде бірінші кезекте ІТ-саласына, робототехника, балалардың фунционалдық сауаттылығына екпін қойылып отыр. Атап айтқанда, баланың өз білімін жұмысында пайдалана білуі маңызды. Ал кәсіби-техникалық оқу орындары мен ЖОО-ларда оқу бағдарламаларын өзектілендіру – ол еңбек нарығының талабы», – деді К. Шәмшидинова.

Бұл тұрғыда биылдан бастап заңнама бойынша ЖОО-ларда бакалавриаттың 80 пайызына дейін, магистратураның 90 пайызға дейін және докторантураның 95 пайызына дейін дербес өздерінің оқу бағдарламаларын қайта қарай алады.

«Ал колледждерге қатысты біз осы жұмыстарды қазіргі кезде атқарудамыз. Осы орайда басты мақсат – ол дуальды  оқыту, яғни кәсіпкерлерді біздің оқу бағдарламаларына көбірек тарту», – деді министр.

Естеріңізге сата кетейік, жыл басында Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке волонтерлікпен айналысатын ЖОО студенттерінің шәкіртақысын 30 пайызға арттыруды тапсырды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Білім саласын автоматтандыру қалай жүргізілуі тиіс – маман пікірі

    Білім саласын автоматтандыру қалай жүргізілуі тиіс – маман пікірі

    Қазақстанға кемінде 10 мың бағдарламашы, ІТ-маманы қажет. Бұл туралы Инновациялық интеллектуалды технологиялар академиясының бас директоры Нұралы Құдайбергенұлы айтты. «Қазіргі уақытта «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында білім саласында көптеген жұмыс атқарылып жатыр. Сол атқарылып жатқан жұмыстардың басы-қасында жүрген біздің компания да бұл іске өз үлесін қосып отыр. Бүгінгі күні цифрлық білім дәрежесін көтеру мақсатында ең бірінші

  • “Болашақ” бағдарламасына қалай түстім? Үміткерге арналған нұсқаулық

    “Болашақ” бағдарламасына қалай түстім? Үміткерге арналған нұсқаулық

    “Болашақ” бағдарламасының биылғы жылғы алғашқы иегерлері белгілі болды. 134 қазақстандыққа стипендия тағайындалды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен өткен шетелде кадр даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысында белгілі болды. Шәкіртақы иегерлері магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша шет елдердегі үздік жоғары оқу орындарында білім алуға, сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog