|  | 

Жаңалық

Мұғалімге жұмысына негізсіз араласудан қорғану құқығы беріледі – Күләш Шәмшидинов

Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова «Педагогтар мәртебесі туралы» заң жобасында қандай мәселелер еленіп, ескеріліп жатқанын айтып берді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Педагогтар мәртебесі» туралы заң жобасында ең алдымен бірыңғай педагог түсінігі бар. Бүгін де педагог және оған теңестірілген тұлғалар деген түсінік барын білесіздер. Сол себепті, белгілі бір шығынды талап ететін бірыңғай түсінік енгізіліп жатыр. Себебі, базалық еңбекақының деңгейі әртүрлі. Сонымен бірге, еңбек демалысы бойынша бөлінетін ақшаның да деңгейі әрқалай. Сол себепті, бірыңғай педагог түсінігін енгізетін болсақ, барлығына бірдей жағдай жасалады», – дейді Күләш Шәмшидинова Үкіметтің баспасөз орталығында.

Министрдің айтуына қарағанда, заң бойынша педагогтың кәсіби құқығы, ұйымның қоғамдық өміріне атсалысу құқығы, кәсіби міндетін орындау жолындағы материалдық-техникалық қамтамасыз ету құқығы, педагогтың кәсіби жұмысына негізсіз араласу жағдайынан қорғану құқығы, ар-намысын қорғау құқығы берілгелі отыр.

«Бұл мәселе бойынша, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізілуде. Егер жоғарыда аталған жағдайлар бойынша мұғалімнің құқығы бұзылатын болса, онда азамат жауапкершілікке тартылады. Мәселен, әлгі азаматқа біріншіден ескерту жарияланса, екіншіден айыппұ салынады. Айыппұлдың мөлшері басқа санаттағы тұлғаларға қолданылып жатқан тәжірибе бойынша айқындалады», – дейді министр.

Сонымен бірге министр мұғалімдерді көтермелеу тетіктері, оларды әлеуметтік кепілдіктер қарастырылып, педагогтардың мәртебесі де заңнан тыс қалмайтынын жеткізді.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Елбасы оқу орындарындағы жемқорлық туралы айтты

    Елбасы оқу орындарындағы жемқорлық туралы айтты

    Бүгін елордада Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Осы отырыста Елбасы оқу орындарындағы жемқорлық туралы айтты. «Сыбайлас жемқорлықпен күресіп, партияның ішін тазарту керек. Біз өзімізден бастауымыз керек. Халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс істеуге жұмылдыру керек. Қоғамда тұрмыстық сыбайлас жемқорлық кең тараған. Оқу орындарында сессияларды сатып алады,

  • 63 мыңнан астам оқушы жаңа бағдарлама бойынша оқиды

    63 мыңнан астам оқушы жаңа бағдарлама бойынша оқиды

    Жаңа оқу жылында Алматыда 4,9,10 сыныптардың 63 мыңнан астам оқушысы жаңа бағдарлама бойынша оқиды. Бұл туралы Алматы қалалық білім басқармасының бастығы Гүлнәр Қожабергенова айтты. «Қалада жалпы білім беретін 204 мемлекеттік, 55 жеке меншік мектеп бар. Онда 257 мыңнан астам оқушы оқиды. Орта білім саласында негізгі әдістер анықталған. Қазіргі уақытта Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесі таратылуда. Жаңа

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog