|  |  | 

Оқушы Үздік

Семейлік оқушы Ресейден жүлдемен оралды

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында химия пәнінен 53-ші халықаралық Менделеев олимпиадасынан семейлік оқушы жүлдемен оралды.

Олимпиадаға әлемнің 30 елінен жас химиктер командалары келіп, өз елдерінің  намысын қорғады.

Қазақстан намысын республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ оқу-жаттығу жиындарында бірнеше рет дайындықтан өткен 8 оқушы қорғады.

Солардың бірі Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Рүстем Шердебаев. Жарыста ол жақсы нәтиже көрсетіп, қола медаль жеңіп алды.

«Ресейдегі білім бәйгесі мен үшін үлкен тәжірибе болды. Олимпиада екі кезеңге бөлінген, әрқайсы 5 сағаттан тұрды. Біз бұл олимпиадада теориялық және тәжірибелік күрделі жаттығуларды орындадық. Жүлдегерлер қатарынан көрініп, еліміздің атын шығаруға қосқан азды-көпті үлес үшін мақтанамын. Химия пәнін терең түсінуге өз білгендерін аямай жанын салып жүрген ұстаздарыма үлкен алғысымды айтамын»  -дейді Рүстем.

Жалпы Рүстем бұған дейін Ақтөбе қаласында өткен республикалық олимпиадаға қатысып, 2 -орын алған. Бұдан бөлек өткен жылы А.Бектұров атындағы ІV Халықаралық химия олимпиадасында  ІІІ орынға ие болған. Ал 2013 жылы  «Тарих» пәнінен URFODU ғылым негіздері бойынша IX Халықаралық олимпиадада  II дәрежелі дипломмен марапатталған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Әлемнің 12 беделді университетінен шақырту алған қазақ қызының арманы не?

    Әлемнің 12 беделді университетінен шақырту алған қазақ қызының арманы не?

    Елордадағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебін биыл бітірген Әсел Рабатова әлемнің ең беделді 12 университетінің білім грантын ұтып алды. Оның ішінде «Назарбаев» Университетінің білім гранты да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Әсел 8-сыныптан-ақ мектеп өміріндегі барлық шараларға белсене араласты.  Достарымен бірге мектебінің логотипін өзі әзірлеген түрлі дизайндағы  киім үлгілеріне  пайдаланып сату арқылы бизнестің қыр-сырына да үйренді.

  • Атыраулық оқушы Кипрде математикадан халықаралық олимпиаданың алтын жүлдесін жеңіп алды

    Атыраулық оқушы Кипрде математикадан халықаралық олимпиаданың алтын жүлдесін жеңіп алды

    Білім-инновация лицей-интернатының оқушысы Айбек Мырзатаев математика пәні бойынша халықаралық олимпиаданың алтын медаль иегері атанды. Оны жеңісімен Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жеке құттықтады. Кипр елінің Ларнака қаласында 23-ші жасөспірімдер арасындағы Балкан математикалық олимпиадасы өтті, оған 17 ресми командадан құралған 112 адам қатысты, олардың ішінде 10 команда Балкан аймағынан болса, қалған 7 қонақтық командалар, оның ішінде

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog