|  | 

Жаңалық

Қазақстанда арнайы білім беру мекемелерінде 200-ге тарта бала тәрбиеленуде

Елордадағы ҚР БҒМ және Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) бірлесіп ұйымдастырған республикалық жиында жауапкершілікке тартылған балалардың құқығын қорғау мәселесі талқыланды.

Бүгінгі таңда елімізде балаларға арналған 8 арнайы білім беру мекемелері бар. Олардың 7-і арнайы білім беру ұйымы болса, 8-шісі Шығыс Қазақстандағы ерекше режімдегі ұйым. Жалпы, елімізде бүгінгі таңда 200-ге жуық бала осы ұйымдарда оқып, тәрбиеленіп жатыр. Яғни, бұл құқықбұзушылыққа бейім балалар», – дейді Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бала құқықтары және халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Ержан Жиренбай.

Ержан Жиренбайдың айтуынша, Шығыс Қазақстандағы ерекше режімдегі арнайы орталықта орта және ауыр қылмыс жасаған, 14 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленеді.

«Ал қалған жеті білім беру мекемесінде жүйелі түрде сабаққа бармай жүрген, әкімшілік құқықбұзушылық жасаған балалар оқытылады. Жалпы, 2017 жыл мен 2018 жылдың көрсеткіштерін салыстырғанда балалар арасындағы құқықбұзушылық 5 пайызға төмендеді. Бұл – жақсы көрсеткіш. Ал соңғы 10 жылда балаларды тәрбиелейтін арнайы ұйымдардың саны шамамен 15-тен 8-ге азайды», – дейді Ержан Жиренбай.

Басқарма басшысы өз сөзінде жауапкершілікке тартылған балалардың құқықтарын қорғау жұмыстарын күшейту бағытында қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын да сөз етті.

«Осы жылдың 1 сәуірінде «ҚР балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдардың қызметімен байланысты мәселелер бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға Президент қол қойған болатын. Сол заңда балалардың құқықтарын қорғау саласында стандарт әзірлеу қарастырылған. Яғни, қазіргі уақытта  девиантты мінез-құлыққа ие балаларға арналған ұйымдар бар. Сол ұйымдарда балаларға көрсетілетін қызметті сапалы әрі тиімді ете отырып, халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында бүгін біз іс-шараны ұйымдастырып отырмыз. Мұнда халықаралық тәжірибелер мен тиімді тетіктер талқыланып, жаңа әдістер ұсынылатын болады», – дейді Ержан Жиренбай.

Басқарма басшысының айтуына қарағанда, Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау бағытында арнайы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттары әзірленуде. Бүгінгі жиында келтірілген қорытындылар жаңа стандарттарға енгізілетін болады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Асқар Мамин балалардың жазғы демалысы бойынша жол картасын әзірлеуді тапсырды

    Асқар Мамин балалардың жазғы демалысы бойынша жол картасын әзірлеуді тапсырды

    Үкімет басшысы Асқар Мамин Білім және ғылым министрлігіне балалардың жазғы демалысын жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін тиісті жол картасын әзірлеуді жүктеді. «Балалардың демалысын ұйымдастыру – маңызды мәселе. Ол әрбірімізге қатысты. Қарағанды, Алматы, Павлодар облыстарында балалардың демалысы жоғары деңгейде жоспарланған. Бұр жерлерде балалардың демалысын ұйымдастыру мәселесі толығымен шешілген. Аталмыш жұмысқа тиісті деңгейде көңіл бөлмеген өңірлер де бар.

  • Бір футболшы неше мұғалімнің айлығын алады?

    Бір футболшы неше мұғалімнің айлығын алады?

    Қазақстанның Футбол Федерациясы әр жылдың соңында футболшылардың жылдық есебін жария етіп тұрады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 2018 жылғы орта есепке сүйенетін болсақ, Қазақстан футболшылары АПЛ ойындарынан 148 мың АҚШ долларын, яғни сол уақыттағы бағаммен 55 млн теңге алып отырған. Бұл – жалпы топтың айлығы. Адам басына шаққанда әрқайсысы шамамен кемінде 3 млн 500 мың теңгеден алды.

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog