|  |  | 

Білім жарысы Жаңалық

Республикалық “QAZBILIM” олимпиадасы өтеді

Нәтижесінде 60 оқушыға жылдық “QAZBILIM” гранты беріледі. 

Білім – таза бизнеске айналмауы керек, бұл – біздің орталықтың басты ұстанымы.

Қазбілім – қазақ баласына мүмкіндік сыйлауы керек, бұл – Қазбілім ұжымының басты мақсаты. Осы мақсатта үш жылдан бері QAZBILIM жылдық грантын беріп келеміз. Ол мектепте жақсы оқитын, бірақ отбасы жағдайы ақылы дайындықты көтермейтін балаларға мүмкіндік сыйлау еді.

Алдағы оқу жылына да дәл осы үрдісті дамыту, сапалы білімді ТЕГІН беру мақсатында Республикалық “QAZBILIM” олимпиадасын ұйымдастыруды жөн көрдік.

 

Қатысатын сынып Өтетін пәні Нәтижесінде Өтетін уақыты
4-5 сынып Математика

Ағылшын тілі

НЗМ  – ге (НИШ) дайындық тобына:

Ең жоғары 5 оқушыға 100%

Одан кейінгі 5 оқушыға 50%

Одан кейін 10 оқушыға 20%.

Отбасылық жағдайына байланысты 10 оқушыға 100% ГРАНТЫ беріледі.

1 мамыр

13:00-15:00

 

10 сынып Математикалық сауаттылық

Оқу сауаттылығы

Қазақстан тарихы

Нәтижесінде ҰБТ-ға дайындық тобына:

Ең жоғары 5 оқушыға 100%

Одан кейінгі 5 оқушыға 50%

Одан кейін 10 оқушыға 20%.

Отбасылық жағдайына байланысты 10 оқушыға 100% ГРАНТЫ беріледі.

1 мамыр

9:00-11:00

Олимпиадаға қатысу тегін. Грант саны қатысатын оқушылар санына байланысты өзгеруі мүмкін.

Ескерту, алдын-ала тіркелу міндетті. Отбасы жағдайына байланысты грант үміткерлері құжат тапсыруы қажет.

Құжаттар тізімі:

  1. Туу туралы куәлік;
  2. Отбасы құрамы туралы анықтама;
  3. Ата-анасының немесе қамқоршысының куәлігі.

Олимпиада Республикалық “QAZBILIM” орталығының Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында өтеді.

Біздің мекен-жай:

Nur-Sultan қаласы

Тәуелсіздік көшесі 47/1.

Тел: 8775 4318008.

 

Nur-Sultan қаласы

Сарыарқа даңғылы 31/2

Тел: 8701 5318008.

 

Алматы қаласы

Мамыр 4-шағын аудан 111г.

Тел: 8701 7318008.

 

Олимпиада қортындысы және грант иегерлерінің тізімі qazbilim.kz сайтында жарияланады.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Үздік оқытушылар анықталды

    Үздік оқытушылар анықталды

    Кеше Нұр-Сұлтан қаласында Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің құрылымдық мекемесі Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйытқы болуымен Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында А.Байтұрсынұлы атындағы республикалық оқытушы-ұстаздар байқауы өткізілді. Байқаудың алғашқы кезеңдері бұған дейін сатылы түрде барлық өңірлерде ұйым­дас­тырылып, осы сыннан сүрінбей өтіп, үздік деп танылған

  • Бюджет: Педагог мәртебесі бағытында қанша қаржы бөлінеді

    Бюджет: Педагог мәртебесі бағытында қанша қаржы бөлінеді

    2020-2022 жылдарға арналған бюджет жобасында білім және ғылым жүйесін дамытуға 2 трлн теңге бөлінеді. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын таныстыру барысында ҚР бірінші қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов мәлім етті. «Білім және ғылым жүйесін дамытуға 2020-2022 жылдарға арналған бюджет жобасында 2 трлн теңге, оның ішінде 2020 жылға 570,0 млрд

1 пікір

  1. Сəлеметсізбе!
    Менің сұрағым,бұл олимпиаданы компютер арқылы тапсыруға болама?

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog