|  | 

Білім жарысы

Семейлік оқушының зерттеу жұмысы Ресейден жүлдемен оралды

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Ришат Еркінбек ХХ бүкілресейлік жоғары сынып оқушыларының байқауынан жүлделі оралды

10-сынып оқушысы «Ғылым мен техникадағы жас зерттеушілер» атты зерттеу жұмыстары байқауына «Желілік эрозия» атты жобасымен қатысты. Ол осы арқылы тиісті сала мамандарының назарын Бородулиха ауданы, Новопокровка ауылындағы жыралардың пайда болуы мен оның қоршаған ортаға тигізетін әсеріне аударғысы келген. Жобаны қорғау үшін оқушы бір жыл бойы зерттеу жүргізген. Екі мәрте Новопокровка ауылына барып, ауылдағы жыралардың жылына 10-40 метр аралығында кеңейіп келе жатқанын аңғарған.

«Бұл өз кезегінде сол ауылдағы ғимараттарға, ағаштарға, құдықтарға кері әсер етіп, оларды қиратады. Одан бөлек, жолдың бүлінуі мен егістік алқаптардың зақымдануына да ықпал етпей қоймайды. Қарап отырсаңыз, табиғатқа, тіпті адам өміріне де қауіп төндіретін жайт. Сондықтан бұған бей-жай қарамауымыз керек. Зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша ғылыми кеңесшім «Семейгидрогеология» ЖШС-нің инженер-гидрогеологы Лариса  Гущина екеуміз жергілікті шаруа қожалықтары басшыларына қауіп пен орасан шығынның алдын-алу туралы ескерттік. Ендігі жұмыс солардың еншісінде», – дейді жас табиғат жанашыры Ришат Мейіржанұлы.

Семейлік оқушының зерттеу жұмысы Ресейден жүлдемен оралды

Ресейдің Томск қаласында өткен конференция-байқауға 300-ден аса оқушы қатысып, түрлі тақырыптарда өз жобасын қорғаған. Соның арасында Ришаттың еңбегі жоғары бағаланып, бірінші орынға ие болды

География пәнін сүйіп оқып, табиғат құбылыстарына қызығатын оқушы жеңіске жетуіне мектептің география пәні мұғалімі Шарипа Таласпаева мен химия пәнінің мұғалімі Жазира Құрмановалардың көп көмегі тигенін атап өтті.

Ришат жеңіске жету арқылы келер жылы Ресей астанасы Мәскеу қаласында өтетін халықаралық В.Вернадский конференциясына шақырту алды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Алматыда жас математиктер марапатталды

    Алматыда жас математиктер марапатталды

    Алматыда республикалық  «Бастау» турнирі өтті. Бұл байқауда Қазақстандағы ең үздік математик оқушылар марапатталды. ҚР Тұңғыш Президенті қорының бастамасымен 2-4 сынып оқушылары Назарбаев Интеллектуалды мектебінің базасында екі күн бойы математикалық білімін сынады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, турнир  балалардың математикалық білімдерін нығайтып, қолдауға бағытталған. «Барлық тапсырмалар математикалық логикаға сүйеніп жасалды. Бұл тапсырмаларды шешу баланы дұрыс қорытынды шығаруға, дұрыс шешім

  • Назарбаев университетіне қалай түсуге болады?

    Назарбаев университетіне қалай түсуге болады?

    Назарбаев университеті Назарбаев университеті бүгінде Қазақстандағы әлемдік стандартта білім беретін, Қазақстандық жоғары оқу орындары рейтингісіндегі №1 университет. Оның мүмкіндіктері мен онда оқыған студенттердің болашағы туралы үлкен үміт күтуге болады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен 2010 жылы Назарбаев Университетінің (НУ) негізі қаланған болатын. Назарбаев университетінің негізгі қағидаты — білімді, ғылым мен инновацияларды интеграциялау

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog