|  |  | 

Оқушы Үздік

Қызылордалық оқушылар smart-киіз үй ойлап тапты

Қызылордада мектеп оқушылары smart-киіз үй ойлап тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Робототехника федерациясы жыл сайын мектеп оқушылары мен студенттер арасында чемпионат ұйымдастырып келеді. Бүгін Қызылорда қаласында робототехникадан аталмыш шараның облыстық іріктеу кезеңі өткізілді.

Онда Шиелі ауданындағы №47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейдің оқушылары Диас Шәмен Диас мен Жәния Әлібаева Smart-киіз үй жобасын көпшілікке таныстырды.

«Киіз үй роботтар көмегімен жүреді. Күн, жел энергиясымен жарықтандырылады.Киіз үй -қазақтың ғажайып туындысы. Сондықтан біз заманауи үйден гөрі киіз үйді қайта жаңғыртып, бүгінгі күнге лайықтап жасауды мақсат еттік», – деді жобаны жасаушының бірі Жәния Әлібаева.

Аталмыш шара барасында ғылыми жобалар бойынша қатысушы мектеп оқушылары әжелердің ұршығын айырбастайтын жіп иіргіш робот, желдеткіш, балама энергия көздерімен жұмыс істейтін наубайхана, шөп оратын машинаны бақылайтын ауылшаруашылық базасын ойлап тапқан. Аталған жобалардың барлығы дерлік смартфон арқылы басқарылады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Күләш Шәмшидинова үш баланы өрттен құтқарған студентті марапаттады

    Күләш Шәмшидинова үш баланы өрттен құтқарған студентті марапаттады

    ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова үш баланы өрттен құтқарған студент Нұрсұлтан Исмағұловты марапаттады, деп хабарлайды Қазбілім министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ақпарат және технологиялар факультетінің 2 курс студенті, 21 жасар Нұрсұлтан Исмағұлов Нұр-Сұлтан қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінен шыққан өрт кезінде батылдық танытып, үш баланың өмірін сақтап қалған болатын. Оқыс оқиға

  • Петропавлда мектеп ұстазы батырлар киген сауытты жасап шықты

    Петропавлда мектеп ұстазы батырлар киген сауытты жасап шықты

    Ерғали Сәткенов – солтүстікқазақстандықтарға ағаштан түйін түйетін, темірді балшықша илейтін шебер ретінде жақсы таныс. Оның қолынан шыққан дүниелер түрлі көрмелерде көрермен көзайымына айналған. Бұл жолы ол қазақ батырлары орта ғасырларда киген салмағы 10 келіге жуық темір сауытты жасап шықты. Оған қажетті 560 пластинаның әрқайсысын қолмен қиған. Қалыңдығы 4 мм болғандықтан сауытты жебе тесе алмайды, қылыш

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog