|  | 

Жаңалық

Дәурен Абаев: Жастар санасына жат ағымдарға қарсы мықты иммунитет қалыптастыру маңызды

Жастардың санасына жат ағымдарға қарсы мықты иммунитет қалыптастыру маңызды. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан “Рухани Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заманғы сын-қатерлер” тақырыбындағы IV халықаралық діни-ғылыми конференцияда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.

Біз жас ұрпақтың дүниетанымын дұрыс қалыптастыруымыз керек. Қазіргі жастар өз пікірлерін ашық айта алады. Олар бәсекеге қабілетті, білімге құштар. Ең бастысы олардың санасына жат ағымдарға қарсы мықты иммунитет қалыптастыру маңызды. Біз бай мәдениетіміз, ерекше салттарымыз, айрықша тарихымыз бар мемлекеттерміз. Сондықтан фанатизмге, діни консерватизмге, дәлелсіз қағидаларға беріліп кетпей, тура жолдан таймай, дінді дұрыс қырынан насихаттай білуіміз керек деп ойлаймын”, – деді министр.

Оның атап өтуінше, діни дамудың қазақстандық моделі мейірімділік, адамгершілік, бейбітшілік сияқты құндылықтардан құралады.

“Елордамызда Елбасының бастамасымен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің өткізіліп тұруы да  осының айғағы болса керек. Қазақстан Ұлы даланың рухани мұралары дәстүрімізбен сабақтасып кеткен Ислам қағидаларын құрметтейді. Алайда зайырлы, көпұлтты мемлекеттерге тән, өзге наным-сенім өкілдерінің де таңдауына шектеу қоймайды. Көпконфессиялы әртүрлі ұлт өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешіп отырған қоғамда бірлік пен бейбітшілікті сақтау бірінші кезектегі мәселе. Сондықтан да бұл қағдидадан таймаймыз”, – деді Д. Абаев.

Айта кетейік, конференция жұмысына Еуразия және Ұлы Жібек жолы елдерінің Бас мүфтилері, дін қайраткерлері, діни саладағы мемлекеттік органдардың басшылары, лауазымды тұлғалар, зиялы қауым өкілдері, жалпы 300-ге жуық делегат қатысып отыр. Жастар жылы аясында өтіп жатқан конференцияның мақсаты – өскелең ұрпақты деструктивті ағымның ықпалынан сақтандыру, оларға дұрыс діни ақпарат жеткізу, экстремизм мен терроризмнің алдын алу үшін Еуразия мен Орталық Азия елдері дін қайраткерлерінің күшін біріктіру, тәжірибе алмасу, “Рухани жаңғыру” идеясын насихаттау.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрін қабылдады

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрін қабылдады

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинованы қабылдады, – деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, , Қазбілім порталы.  Мемлекет басшысына білім беруді және ғылымды дамыту Мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаев үш ауысымда оқытуды жою, жаңа мектептер салу және үш тілде білім беруге біртіндеп өту жұмыстарын жалғастыру маңызды

  • Қазақстан ЖОО-ларында білім гранттарының құны артуы мүмкін

    Қазақстан ЖОО-ларында білім гранттарының құны артуы мүмкін

    М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалына жеке ғимарат беру керек. Бұл туралы Парламент Сенатының жалпы отырысында депутат Бақытжан Жұмағұлов айтты. Қазақстандық филиалдың қызметін одан ары заңнамалық тұрғыда бекіту мақсатында 2017 жылғы 9 қарашада Челябинск қаласында ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасында М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалының қызметі туралы келісімге қол

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog