|  |  | 

Оқушы Үздік

Қазақстандық оқушы АҚШ пен Гонконгтың 11 оқу орнынан шақырту алды

Оралдағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Алина Молдағалиева АҚШ пен Гонконгтың 11 жоғары оқу орнынан шақырту алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алтын белгіден» үміткер, озат оқушының өзі АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Drexel университетін таңдап отыр.

Талапты жас химиялық инженерия мамандығы бойынша бакалавр және магистр дәрежесін алып шықпақ.

«Зияткерлік мектептің маған берген мүмкіндігіне зор жауапкершілікпен қараймын. Мен иеленген 11 оқу грантының алтауы толық грант болса, қалған университеттер оқуға жеңілдік ұсынды. Пенсильвания штатындағы Drexel университетінің бір артықшылығы, 1-курстан бастап компанияларда жұмыс істеп, тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Келешекте Отаныма келіп, химиялық инженерия саласын дамытқым келеді», – дейді Алина.

Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Алина Молдағалиева – БҰҰ моделі мектеп конференциясының Best Speech Certificate (Үздік сөз) сертификат иегері, FLEX лидер алмасу бағдарламасының финалисі, химиядан халықаралық онлайн олимпиаданың жүлдегері (Мәскеу).

Алина 10-сыныпта оқып жүргенде, мектептен АҚШ-тың Johns Hopkins University оқу орнында өткен CTY (Center for Talented Youth) білім беру бағдарламасына жолдама алды. Әлемдегі дарынды оқушылар қатарында Алина жазғы лагерьде биоинженерия саласы бойынша ағылшын тіліндегі зерттеулерге қатысып, тәжірибе жинақтап қайтты.

А.Молдағалиева спорттан құралақан емес, шаңғы жарысынан қала чемпионы, спорттық-балдық би бойынша облыс жеңімпазы. Еріктілік жұмыстарына да белсенді араласады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Тоқаевтың қолынан мемлекеттік наградалар алған педагогтар кімдер?

    Тоқаевтың қолынан мемлекеттік наградалар алған педагогтар кімдер?

    Бүгін Тамыз конференциясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар педагогқа мемлекеттік наградалар табыстады. Бұл туралы Қазақпарат агентігі хабарлады. «Енді бүгінгі жиынның маңызды бөлігіне көшейік. Біздің арамызда еліміздің білім беру саласын дамытуға айрықша үлес қосқан мектеп мұғалімдері отыр. Өз ісін адал атқарып жүрген азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттағым келеді», – деп атап өтті Мемлекет басшысы. Осыдан кейін Қасым-Жомарт

  • Алматылық оқушы қыз халықаралық телеарнаның жүргізушісі болды

    Алматылық оқушы қыз халықаралық телеарнаның жүргізушісі болды

    Алматылық оқушы қыз Эльгиза Қаражанова «Fashion TV» халықаралық телеарнасында жүргізуші болуға шақырту алды. 12 жастағы оқушы қыз телеарнада бұрыннан танымал. Ол – «Жара» музыкалық шоуының тұрақты қатысушысы, «Ғаламшардың кішкентай аруы» титулының иегері. Мәлім болғандай, Эльгиза «Fashion TV» телеарнасында «Новая Волна» белгілі музыкалық байқауының алдағы маусымының күнделігін жүргізетін болады. «Эльгиза 4 айдан бері «KIDS ART FASHION»

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog