|  | 

Ұлт діңі

Нұрсұлтан Назарбаев: Бәріміз Қазақстанның игілігі үшін жұмыс істеуге тиіспіз

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының төрағалығымен кеңес өтті, деп ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.

Жиынға ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің басшысы М.Қасымбеков, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшісі А.Бисембаев, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің, сондай-ақ Тұңғыш Президент Қоры мен кітапханасының құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері қатысты.

Жиын барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесі қызметіне байланысты ұйымдастыру-құқықтық мәселелердің аяқталғаны жөнінде баяндалды, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесіне кадрларды таңдау жұмыстарының нәтижелері туралы ақпарат ұсынылды.
Нұрсұлтан Назарбаев: Бәріміз Қазақстанның игілігі үшін жұмыс істеуге тиіспіз

Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент Кеңсесінің алдына қойылған міндеттердің уақытылы және тиімді орындалуын қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтті.

– Мен Тұңғыш Президент – Елбасының тиісті конституциялық заңмен реттелетін міндеттерін атқаруға кірістім. Сонымен қатар, мен Қауіпсіздік Кеңесінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасымын, Nur Otan партиясына басшылық етуді жалғастыра беремін. Алдымызда ауқымды жұмыс тұр. Осы қызметті қамтамасыз ету үшін Тұңғыш Президенттің Кеңсесі құрылды. Ұйымдастыру мәселелерінің барлығы шешілді. Енді бәріміз жүктелген міндеттерді орындауға кірісуіміз керек, – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетті одан әрі дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттерді сапалы шешу мақсатымен ведомствоаралық өзара тиімді ықпалдастық орнатудың қажеттілігін айтты.

– Бүгінде Президент те, Үкімет те мен бекіткен бағдарламалық құжаттарда, Жолдауда қамтылған, сондай-ақ партия съезінде айтылған міндеттерді орындау бағытында жұмыс істеуде. Бәріміз Қазақстанның игілігі үшін, еліміздің тұрақтылығын, бірлігі мен дамуын қамтамасыз ету үшін жұмыс істеуге тиіспіз. Бұл – бәрімізге ортақ міндет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті қоғамдық маңызы бар бастамаларды жүзеге асырудың маңыздылығына баса мән берді. Бұл ретте, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент қорының талантты жастарға жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған жобаларын іске асырудың өзектілігі атап өтті.

Жиын қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуінің толық мәтіні

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуінің толық мәтіні

    Қымбатты Отандастар! Бүгін елімізге және әрқайсымызға қатысты аса маңызды Үндеу жариялап отырмын. Еліміздің Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім қабылдадым. Мен бұл жауапты шешім бойынша Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен ақылдастым. Парламенттің қос палата спикерімен, Премьер-Министрмен кеңестім. Конституциялық Кеңестің келісіміне жүгіндім. Парламенттегі партия жетекшілерімен кездестім. Кезектен тыс сайлау туралы шешім қабылдау – өте

  • ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: БАРЫМЫЗ ДА, БАҒЫМЫЗ ДА – ТӘУЕЛСІЗДІК

    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: БАРЫМЫЗ ДА, БАҒЫМЫЗ ДА – ТӘУЕЛСІЗДІК

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық «Egemen Qazaqstan» және «Aiqyn» газеттеріне сұхбат берді. Дархан Қыдырәлі: Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіздің Президент лауазымындағы алғашқы сапарыңыз киелі Түркістаннан бас­талды. Біз де сұхбатымызды осы игілікті сапар жайынан бастағымыз келіп отыр… – Иә, мен үшін бұл елеулі, маңызды сапар болды. Түркістан тек қазақ халқының ғана емес, күллі түркі жұртының қасиетті

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog