|  |  | 

Білім жарысы Жаңалық

Оралдық оқушы ғарыш кеңістігіне арналған реактор үлгісін жасап шығарды

Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Ақылбек Мақсотов ғарыш кеңістігіне арналған реактор үлгісін жасап шығарды.

Ақылбек реактордың 3D моделін, реакция анимациясын жасап шығарған. Реактор арқылы  қазіргі кезде ғарыш айлағына тасталып жатқан көміртегі диоксидінен оттегі және метан алуға болады. Оттегі экипаж мүшелеріне тыныстау үшін, ал метан ракета қозғалтқышына отын ретінде пайдаланылады.

Дәстүрлі әдіске қарағанда, отынның бұлайша өндірілуі арзанға түседі. Оралдық оқушының бұл зерттеуі Қызылорда қаласында «Ғарыш. Ғылым. Интеллект» тақырыбында жуырда осымен тоғызыншы рет ұйымдастырылған ІХ Наурыз кездесулерінде жоғары бағаланып, бірінші орынға лайық деп танылды.

Еліміздің әр өңірінен жиналған жас зерттеушілердің аэроғарыштық инженерия тақырыбындағы сексеннен астам жобасы таныстырылған жарыста озып шығу – үлкен жетістік. Ақылбекке оған қоса  Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде білім алуға жолдама берілді.

«Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің қолынан марапат алуым мені үлкен қуанышқа бөледі. Сондай-ақ Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетовтердің зияткерлік мектеп оқушыларының жобаларына жоғары баға беруі, ғарыш саласының халықаралық сарапшысы Майкл Лутомски және NASA-ның ғылыми зерттеушісі Правин Пратапанмен кездесуіміз зор шабыт сыйлады.  VR-көзілдірік пен планер, парашюттерді дайындау бойынша шеберлік сағаттары да өтті. Менің әр қарсыласымның жобасы бірегей деп айта аламын», – дейді Ақылбек Мақсотов.

«Ақылбек – білімге құмар оқушы. Химия-информатика пәнінің оқытушылары оның тереңдетілген тапсырмаларды орындағанды жақсы көретінін, ақпаратты жан-жақты зерттеуге дағдыланғанын айтады. Робототехникаға да қызығушылығы жоғары. Әсіресе, «ROBOLAND – 2016» халықаралық фестивалінде белсендік танытты. Өз бетімен оқуға, ізденуге талпынады. Желілік пән олимпиадаларында да өзінің терең білімін көрсетіп жүр», – дейді педагог-ұйымдастырушы-куратор Ернар Ғайсин.

Оралдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің тағы бір шәкірті, 9-сынып оқушысы Эламир Қадырғалеев Наурыз кездесулерінде жүлделі үшінші орынға ие болды.

Эламир «COSMO-I» жобасында ғарыш ассисстентінің прототипін жасақтаған. COSMO-I – жасанды интеллект жүйелерін бірыңғай жүйеге интеграциялау арқылы техникалық мәселелерді шешуге қабілетті бағдарлама. Ғарыш кемесінің бортында ассистент ретінде қызмет ететін жоба борттағы ақауларды анықтай алады. Жобада ғарыш кеңістігінде планеталарды, астероидтерді және метеориттерді тануға қабілетті жасанды интеллект үлгісі пайдаланылған, сондай-ақ ол магнит өрісінің, температураның және басқа параметрлердің әсерлерін есептейді.

«Байқоңыр ғарыш стансасында ғарыш зымыранының ұшуын өз көзіммен тамашалауға мүмкіндік берген жандарға алғысым шексіз. Менің замандастарымды ғарыш саласының қандай мәселесі алаңдатады, олар қандай зерттеу жүргізуде деген сұрақтарыма жауап алдым. Өз жобамның артықшылығы мен жетілдіру керек тұсын анықтадым. Алдағы уақытта жұмысты жалғастырамын»,  – дейді Эламир.

Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Ақылбектің ғылыми жетекшілері –  информатика пәнінің мұғалімі Айсұлу Сүлейменова мен xимия пәнінің мұғалімі Алтынбек Жанаxметов. Ал Эламирді ғылым жолына баулып жүрген ұстаздары – информатика пәнінің мұғалімі  Жамила Хусанова, физика пәнінің мұғалімі Татьяна Акопова.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • 63 мыңнан астам оқушы жаңа бағдарлама бойынша оқиды

    63 мыңнан астам оқушы жаңа бағдарлама бойынша оқиды

    Жаңа оқу жылында Алматыда 4,9,10 сыныптардың 63 мыңнан астам оқушысы жаңа бағдарлама бойынша оқиды. Бұл туралы Алматы қалалық білім басқармасының бастығы Гүлнәр Қожабергенова айтты. «Қалада жалпы білім беретін 204 мемлекеттік, 55 жеке меншік мектеп бар. Онда 257 мыңнан астам оқушы оқиды. Орта білім саласында негізгі әдістер анықталған. Қазіргі уақытта Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесі таратылуда. Жаңа

  • Қазақстандық оқушылар Батыс Қытай математикалық олимпиадасынан жүлдемен оралды

    Қазақстандық оқушылар Батыс Қытай математикалық олимпиадасынан жүлдемен оралды

    Қазақстандық оқушылар кезекті Батыс Қытай математикалық олимпиадасынан 4 медаль жеңіп алды. Бұл турады «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы хабарлады. «2019 жылдың 11-16 тамыз аралығында Қазақстан Республикасының құрама командасы ҚХР-дың Гуйчжоу провинциясы, Цзуньи қаласындағы Батыс Қытай математикалық олимпиадасына қатысты. Олимпиадаға Сингапур, Филиппин сынды елдерден 212 оқушы (26 команда) қатысты», – делінген ресми хабарламада. Нәтижесінде, Қазақстан құрама командасы

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog