|  | 

Жаңалық

Мектеп пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдер қалай даярланып жатыр

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Талғат Ешенқұлов мектепте ағылшын тілінде сабақ беретін мамандарды даярлау шаралары туралы айтып берді.

Вице-министрдің айтуынша, бүгінде ағылшын тілінде сабақ беретін мектеп мұғалімдерінің тапшылығы бар. Осы уақытқа дейін бір топ мұғалімдер біліктілікті көтеру курстары аясында даярланды.

«Сонымен қатар, ағылшын тілі бойынша магистратураға адам жинадық. Мәселен, 2016 жылы 200-дей адамды қабылдадық. Сосын тағы 600 адамдай бакалавриатқа түсті. Былтыр олардың саны 900-ге дейін жетті. 2021-2022 жылдары жоғары орындарынан дайын, ағылшын тілінде толыққанды сабақ беретін мұғалімдер шығады деп отырмыз», – деді Т.Ешенқұлов ҚР Парламент Мәжілісінде өткен дөңгелек үстелде.

Оның айтуынша, ағылшын тілінде сабақ беретін мамандардың біліктілігі ұлттық тестімен тексеріледі.

«Оны педагогикалық жоғары оқу орындарының биылғы түлектері де тапсырады. Бір сөзбен айтқанда, ұлттық тестілеуден өтпеген маманға педагогтік қызмет жасауға рұқсат берілмейді», – деп атап көрсетті Т.Ешенқұлов.

«Өткен жылы аталған бастама магистратуда 21 мамандық бойынша сынақтан өткізілген болатын. Биыл заң нормалары бойынша магистратура бөлімі грант тағайындаудың жаңа моделіне толығымен көшеді. Осының арқасында магистратураға түскен адам грантты алады да, жоғары оқу орнын өзі таңдайды», – дейді Т.Ешенқұлов.  Бұдан бөлек, мектеп түлектеріне мамандықты таңдау жағы жеңілдей түседі.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Павлодарлық оқушылар киіз үйдің 2500 макетін жасады

    Павлодарлық оқушылар киіз үйдің 2500 макетін жасады

    Павлодарлық оқушылар «Шаңырақ» байқауы аясында киіз үйдің 2500-ден аса макетін жасады, деп хабарлайды Қазбілім сайты pavlodarnews сайтына сілтеме жасап. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде өткен «Шаңырақ» жобасының жеңімпаздарын анықтау мақсатында М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында облыстық конкурс-көрме ұйымдастырылды. Өңірлік Білім басқармасынан хабарлағандай, шараның мақсаты – ұлттық шығармашылықты жаңғырту және дамыту, өскелең ұрпаққа эстетикалық, ұлттық және патриоттық тәрбие

  • Оралдық оқушы ғарыш кеңістігіне арналған реактор үлгісін жасап шығарды

    Оралдық оқушы ғарыш кеңістігіне арналған реактор үлгісін жасап шығарды

    Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Ақылбек Мақсотов ғарыш кеңістігіне арналған реактор үлгісін жасап шығарды. Ақылбек реактордың 3D моделін, реакция анимациясын жасап шығарған. Реактор арқылы  қазіргі кезде ғарыш айлағына тасталып жатқан көміртегі диоксидінен оттегі және метан алуға болады. Оттегі экипаж мүшелеріне тыныстау үшін, ал метан ракета қозғалтқышына отын ретінде пайдаланылады. Дәстүрлі әдіске қарағанда, отынның бұлайша өндірілуі арзанға

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog