|  | 

Жаңалық

Мектеп түлектеріне мамандық таңдау жағы жеңілдей түседі

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Талғат Ешенқұлов білім гранты бойынша оқытудағы жаңалықтар туралы мәлім етті.

Оның айтуынша, биылдан бастап жоғары оқу орнына грантпен түсетін жастар нақты оқу бағдарламасын таңдайды. Магистратураға түсу шарттары да сондай болады. Осылайша, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру шаралары нақты оқу бағдарламалары аясында жүргізіледі. Осыған орай, 176 мамандық 97 оқу бағдарламасы бойынша топтастырылды. “Мәселен, мектеп түлегі жоғары оқу орнына түскенде нақты бір оқу бағдарламасын таңдайды. Бұдан бөлек, абитуриент ондай бағдарламаларды іске асыратын жоғары оқу орындарының тізімімен таныса алады. Ал ҰБТ куәлігімен бірге әрбір мектеп түлегіне арнайы ақпараттық парақша беріледі. Онда оқу бағдарламаларының тізімі, соған бөлінген грантардың саны және өткен жылғы конкурстың нәтижелері көрсетіледі. Осының негізінде абитуриент өзінің болашақ мамандығын таңдай алады”, – деді Т.Ешенқұлов.

Айта кетейік, биыл білім гранттарын тағайындау жүйесінде өзгерістер болады. Жоғары оқу орындарын жан басына қарай қаржыландыру жүйесіне басымдық беріледі. Мәселен, ҰБТ-да жоғары ұпай алған мектеп түлегі қай оқу орнын таңдаса, сол жерге грант беріледі. “Өткен жылы аталған бастама магистратуда 21 мамандық бойынша сынақтан өткізілген болатын. Биыл заң нормалары бойынша магистратура бөлімі грант тағайындаудың жаңа моделіне толығымен көшеді. Осының арқасында магистратуға түскен адам грантты алады да, жоғары оқу орнын өзі таңдайды. Соған қарай мемлекеттік тапсырыс та жасалады, жоғары оқы орындары грантқа түскен магистрлердің таңдауына қарай қаржыландырылады”, – дейді Т.Ешенқұлов.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Вице-министр білім саласындағы өзекті бағыттарды атады

    Вице-министр білім саласындағы өзекті бағыттарды атады

    ҚР Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова бүгінде ведомство алдында тұрған негізгі мақсаттарды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Біріншіден, «ЖОО-мемлекет-бизнес» форматының өзара іс-қимылын дамытуға қатысты. Бұл формат Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттігін арттыруға негізделген. Осы арқылы біз қазақстандық жоғары мектептің экспорттық әлеуетін нығайтуды, шетел студенттері үшін ЖОО тартымдылығын көтеруді еңсереміз. Бұл мақсатты шешу кезінде барлық ресурстарды жұмылдыру

  • Қазақстанда студенттердің дипломы электрондық форматта берілуі мүмкін

    Қазақстанда студенттердің дипломы электрондық форматта берілуі мүмкін

    Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлықты жоюға қатысты бірқатар шешімдерімен бөлісті, деп хабарлайды Алтаньюс тілшісі. Білім минстірінің айтуынша, бірінше кезекте емтихандарды тест түрінде емес, жаппай жазбаша тапсыруға көшу керек. – Алдымен емтихандарды жаппай тексеру қажет. Яғни жазбаша емтихандарды көбейтіп, тесті барынша азайтамыз. Сонымен қатар барлық жүйені электрондық форматқа көшіруді жоспарлап

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog