|  | 

Жаңалық

Балалар білім алуға ұмтылуы тиіс – Күләш Шәмшидинова

ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Атырау облысына жасаған жұмыс сапары аясында Махамбет ауданындағы Д. Түленов атындағы мектеп гимназияға барды. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады.

Ауыл мұғалімдерімен сұхбат кезінде министр мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты бағыттарына тоқталып, білім саласындағы реформаның негізгі тұстарына назар аударды. Сондай-ақ бүгінде қызу талқыланып, қабылдануы күтіліп отырған «Педагогтың мәртебесі туралы» Заңына қатысты мұғалімдердің сұрағына жауап берді.

«Бүгінде басты капитал – адам. Бұл капиталдың құндылығы оның білімділігімен, интеллектуалдық дамуымен өлшенеді. Сондықтан  оқушыларды алған білімдерін талдап, жинақтауға үйретуіміз қажет. Ғылым мен білімнің заңдары ешқайда кеткен жоқ дегім келеді. Біздің бүгінгі міндетіміз – мектеп оқушыларын білім алуға ұмтылуға баулу», – деді К. Шәмшидинова.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Вице-министр білім саласындағы өзекті бағыттарды атады

    Вице-министр білім саласындағы өзекті бағыттарды атады

    ҚР Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова бүгінде ведомство алдында тұрған негізгі мақсаттарды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Біріншіден, «ЖОО-мемлекет-бизнес» форматының өзара іс-қимылын дамытуға қатысты. Бұл формат Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттігін арттыруға негізделген. Осы арқылы біз қазақстандық жоғары мектептің экспорттық әлеуетін нығайтуды, шетел студенттері үшін ЖОО тартымдылығын көтеруді еңсереміз. Бұл мақсатты шешу кезінде барлық ресурстарды жұмылдыру

  • Қазақстанда студенттердің дипломы электрондық форматта берілуі мүмкін

    Қазақстанда студенттердің дипломы электрондық форматта берілуі мүмкін

    Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлықты жоюға қатысты бірқатар шешімдерімен бөлісті, деп хабарлайды Алтаньюс тілшісі. Білім минстірінің айтуынша, бірінше кезекте емтихандарды тест түрінде емес, жаппай жазбаша тапсыруға көшу керек. – Алдымен емтихандарды жаппай тексеру қажет. Яғни жазбаша емтихандарды көбейтіп, тесті барынша азайтамыз. Сонымен қатар барлық жүйені электрондық форматқа көшіруді жоспарлап

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog