|  |  | 

Оқушы Үздік

БҚО-да өрттен екі адамды құтқарған оқушы марапатталды

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданындағы  Қ.Байсықов атындағы мектептің 11-сынып оқушысы «Өрттегі ерлігі үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

25 ақпан күні жанып жатқан үйден 8 жасар ұл бала мен ер адамды алып шыққан Мирас Жүнісовке медальді БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Жасұлан Жұмашев тапсырды. Сондай-ақ оқушының ата-анасына ҚР Ішкі істер министрінің, сынып жетекшісіне ТЖД бастығының алғыс хаттары табыс етілді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мирас Жүнісов сабақтан келе жатқанда, көрші үйдің терезесінен жалынды байқаған. Үйдің ішіне кіргенмен, қою түтіннен ештеңе көре алмаған. Өртке қарсы қызметке хабарласу үшін қайта шығып бара жатқан кезде баланың дауысын естіген. Үйдің ішіне кіріп, баланы алып шыққан. Қорқып қалған бала тағы кім бар екендігін айта алмаған. Сол мезгілде ер адамның жөтелген дауысы шыққан. Оқушы бала оның да сыртқа шығып, көрші үйге жетуіне жәрдемдескен. Кейін өртпен күрес бөліміне хабар берілген.

Мирас Медетұлы оқу озаты, «Алтын белгіден» үміткер. География пәнінен аудандық олимпиаданың екінші орын иегері, облыстық «Эрудит» байқауының жүлдегері.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/bko-da-ortten-eki-adamdy-kutkargan-okushy-marapattaldy_a3505087

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Павлодарлық оқушылар киіз үйдің 2500 макетін жасады

    Павлодарлық оқушылар киіз үйдің 2500 макетін жасады

    Павлодарлық оқушылар «Шаңырақ» байқауы аясында киіз үйдің 2500-ден аса макетін жасады, деп хабарлайды Қазбілім сайты pavlodarnews сайтына сілтеме жасап. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде өткен «Шаңырақ» жобасының жеңімпаздарын анықтау мақсатында М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында облыстық конкурс-көрме ұйымдастырылды. Өңірлік Білім басқармасынан хабарлағандай, шараның мақсаты – ұлттық шығармашылықты жаңғырту және дамыту, өскелең ұрпаққа эстетикалық, ұлттық және патриоттық тәрбие

  • Астанада еліміздің үздік ЖОО оқытушылары марапатталды

    Астанада еліміздің үздік ЖОО оқытушылары марапатталды

    Астанада 2018 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері марапатталды, деп хабарлайды Қазбілім ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жеңімпаз атанған 200 оқытушыға 200 АЕК көлемінде (1 АЭК – 2525 теңге) грант берілді. ҚР БҒМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған грант оқытушыларға ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, ғылыми жинақтар шығаруға және біліктіліктерін арттыру үшін

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog