|  |  | 

Білім жарысы Жаңалық

Астаналық оқушылар Кореядағы интеллектуалдық олимпиадада 21 медаль жеңіп алды

Астана мектептерінің оқушылары Кореяда өткен интеллектуалдық олимпиадада барлық 21 медаль жеңіп алды.

Тэджон қаласында өткен халықаралық олимпиадаға елорданың әртүрлі мектептерінен 21 оқушы қатысты. Олар математика, биология, химия, экономика пәндері бойынша өз жұмыстарын таныстырды.

«Барлық оқушылар жұмыстарын ағылшын тілінде таныстырды. Біздің талантты балаларымыз осымен бесінші жыл Тэджон қаласында өнер көрсетуде», – деді «Астана Дарыны» ғылыми-практикалық орталығының директоры Майра Құрманбаева.

Қатысушылардың айтуынша, осындай олимпиадалар өз жобаларын өзге елге таныстырып, сонымен қатар шетел тілдерін үйрену үшін жақсы мүмкіндік береді.

«Мен еліміздің тарихы туралы жобаны көрсеттім. Осылайша, басқа елдерді біздің тарихымызбен, мәдениетімізбен таныстырамыз», – деді олимпиада қатысушыларының бірі.

Жарыс қорытындысы бойынша  елордалық балалар 3 алтын, 9 күміс және 9 қола медаль жеңіп алды.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Елордада «Тау мен дала хикаясы» тақырыбында Айтматов оқулары өтті

    Елордада «Тау мен дала хикаясы» тақырыбында Айтматов оқулары өтті

    Елордамыз Нұр-Сұлтанда  Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен әлем әдебиетінің классигі Шыңғыс Айтматовқа арналған «Тау мен дала хикаясы» атты шығармашылық кеш өтті, деп хабарлайды  Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы. Қырғызстан – Астана» этномәдени бірлестігінің бастамасымен өткен іс-шараға арнайы Қырғызстаннан келген жазушы, қоғам қайраткері, Шыңғыс Айтматовтың туған қарындасы Айтматова Розетта Төреқұлқызы қатысты. Ауқымды іс-шара барысында Нұр-Сұлтан қаласындағы №79

  • Атырау облысында 500-ге жуық мұғалім жетіспейді

    Атырау облысында 500-ге жуық мұғалім жетіспейді

    Атырау облысының орыстілді мектептерінде 472 мұғалім жетіспейді. Бұл туралы әкімдікте өткен мәжілісте мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Біз осы мәселе бойынша жұмыс атқарып жатырмыз. Облыстың бірқатар оқу орындарын араладық. Биыл 174 жас маман келеді деп жоспарланып отыр»,- деді облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жансұлу Төремұратова. Өңір әкімі Нұрлан Ноғаев маман тапшылығы жағдайында Қазақстанның өзге

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog