|  | 

Жаңалық

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ АЙЛЫҒЫ ӨСЕТІНІН АЙТТЫ

Қазақстанда шілдеден бастап мемлекеттік қызметкерлер, мұғалімдер, дәрігерлер мен мәдени сала қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға өседі. Бұл туралы 5 наурызда Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Астанада журналистермен кездесуде айтты, деп жазды azattyq.org.

«Шілдеде жалақы 30 пайызға өссе, біздің есебімізше, бір миллионға жуық қазақстандықтың айлығы көбейеді», – деді министр.

Сапарбаевтың сөзінше, облыс, қала, аудан, ауыл әкімдіктерінде істейтін қызметкерлердің айлығы шілдеден бастап 25 пайызға өседі.

Баспасөз мәслихатына келген Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова әкімдікке келіп шағымданған әр ананың арызы жеке қаралатынын айтты. «Қазір алдымызда жұмыспен қамту мәселесі тұр. Жұмыс бастау үшін, жұмысын жалғастыру үшін жастарға грант бөлу жағын қарастырамыз. Көп баласы бар аналарға үйде отырып, жұмыс істейтін мүмкіндік беруіміз керек»,  – деді ол.

21 ақпанда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бақытжан Сағынтаев басқарған үкіметті таратты. Ол Сағынтаев басқарған министрлер кабинетін “экономиканың сапалы өсіміне қажетті ынталандыру жасамады және халықпен жұмыс істей алмады” деп cынаған. Кейін Асқар Мамин премьер-министр болып тағайындалған. Назарбаев 27 ақпанда «Нұр Отан» партиясының съезінде жаңа үкіметке халықтың тұрмысын көтеруді тапсырған.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Павлодарлық оқушылар киіз үйдің 2500 макетін жасады

    Павлодарлық оқушылар киіз үйдің 2500 макетін жасады

    Павлодарлық оқушылар «Шаңырақ» байқауы аясында киіз үйдің 2500-ден аса макетін жасады, деп хабарлайды Қазбілім сайты pavlodarnews сайтына сілтеме жасап. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде өткен «Шаңырақ» жобасының жеңімпаздарын анықтау мақсатында М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында облыстық конкурс-көрме ұйымдастырылды. Өңірлік Білім басқармасынан хабарлағандай, шараның мақсаты – ұлттық шығармашылықты жаңғырту және дамыту, өскелең ұрпаққа эстетикалық, ұлттық және патриоттық тәрбие

  • Оралдық оқушы ғарыш кеңістігіне арналған реактор үлгісін жасап шығарды

    Оралдық оқушы ғарыш кеңістігіне арналған реактор үлгісін жасап шығарды

    Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Ақылбек Мақсотов ғарыш кеңістігіне арналған реактор үлгісін жасап шығарды. Ақылбек реактордың 3D моделін, реакция анимациясын жасап шығарған. Реактор арқылы  қазіргі кезде ғарыш айлағына тасталып жатқан көміртегі диоксидінен оттегі және метан алуға болады. Оттегі экипаж мүшелеріне тыныстау үшін, ал метан ракета қозғалтқышына отын ретінде пайдаланылады. Дәстүрлі әдіске қарағанда, отынның бұлайша өндірілуі арзанға

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog