|  | 

Ұстаз үні

Білім саласында тың өзгерістер қажет

Білім саласында тың өзгерістер қажет. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Рита Сұлтанғалиева осылай айтты.

Оның айуынша, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының ХVІІІ съезінде әлеуметтік сала мәселелеріне ерекше тоқталды.

Соның ішінде көпбалалы отбасыларға қамқорлықты күшейту, әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарды қолдау, табысы аз қызметкерлердің жалақысын көтеру, тұрғын үй мәселелерін шешумен қатар білім беру мен денсаулық сақтау саласын түбегейлі жақсарту, аймақтарды кешенді дамыту бағытында нақты тапсырмалар берді.

«ЖОО қызметкері ретінде, әрине, білім саласындағы мәселелер бізді жиі толғандырады. Елбасы осы саладағы реформалардың нәтижелі аяқталуын талап етіп, оның жүзеге асыру жолдарын көрсетіп берді», дейді Рита Сұлтанғалиева.

Оның пайымдауынша, қазіргідей кезеңде жеткіншек ұрпаққа білім беруде үлкен талаптар жүктеліп отыр. Табысқа жету үшін педагогтардың біліктілігін үнемі арттырумен бірге білім орындарының материалдық базасын жақсарту, мазмұнды оқыту бағдарламаларын енгізу қажет. Бұл орайда асығыстық жасамай, «жеті рет өлшеп, бір рет кесу» маңызды.

«Мемлекет басшысы айтқанындай, әр аймақта кемінде бір жан-жақты дамыған, өзгелер үлгі алатындай, жетекші жоғары оқу орны мен 10 колледж жұмыс жасаса, бұдан бәрі де ұтар еді. Екіншіден, шынында да, кез келген оқу орнын түлектердің жұмысқа орналасуына қарай бағалап отырса, сонда бәрі айқын көрініп тұрар еді. Үшіншіден, мектептер де алдыңғы қатарлы білім ордаларына бағыт ұстап, барынша тезірек бейімделсе, сапа жетіле түсер еді. Ең бастысы, алда тұрған міндеттер айтылды, енді соны көп болып жүзеге асыру қалып тұр», деп түйіндеді ойын оқытушы-ұстаз.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТ МЕКТЕПТЕН БАСТАЛАДЫ

    БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТ МЕКТЕПТЕН БАСТАЛАДЫ

    Еліміздің көшбасшы партиясы «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында балаларға арналған тегін IT сыныптар ашу және IT мамандар даярлау ісін қолға алғалы, білім ордаларында серпіліс басталды. Еліміздің барлық аймақтарында басталған жоба Атырау өңірінде де жүзеге асып, «Білім-инновация» лицейінің оқушылары алғашқы жетістігіне қол жеткізді. Nur Otan партиясы мен «Ата­мекен» ұлттық кәсіпкерлер палата­сының бірлескен жобасы қазақ­стандықтардың цифрлық сауат­ты­лығын арттыруды,

  • Әліппенің аты ғана емес, заты да өзгеруі керек

    Әліппенің аты ғана емес, заты да өзгеруі керек

    Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова экс-министр Сағадиевтің  қателігін түзеп, келесі оқу жылынан бастап «Әліппе» оқулығын қайта айналымға енгізетінін мәлімдеді. Біз Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинованың бұл бастамасына қатысты мамандар пікірін білген едік. Аягүл Миразова, ұстаз: “Әліппе” – баланың ең әуелі қазақ тілін меңгеруіне ықпал етсе дейміз – “Әліппенің” мектеп бағдарламасына қайта енуі –

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog