|  | 

Керекті кеңес

Мұғалімді міндетінен тыс жұмысқа тартқан басшылар айыппұл арқалайды – заң жобасы

Қазақстанда алдағы уақытта мұғалімдерді міндетінен тыс жұмысқа тартқан лауазымды адамдар жазалануы мүмкін. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы төрағасының орынбасары Айгүл Мұқашева Астанада «Педагогтар мәртебесі туралы» заң жобасын талқылау жиынында тілшілерге айтып берді.

«Педагогтар мәртебесі туралы» ұсынылып отырған заң жобасында мұғалімге тіл тигізіп, оның кәсіби жұмысына араласқысы келген лауазымды адамдардың жауапкершілігі көзделген. Осы заң арқылы ондай санаттағы адамдарға алдымен ескерту беріп, кейін әкімшілік жауапкершілікпен айыппұл салу көзделген. Мәселен, мұғалімді міндетінен тыс жұмысқа тартатын болса, ол лауазымды адам алдымен ескерту алып, кейін 10 АЕК көлемінде, яғни 25 250 теңге мөлшерінде айыппұл арқалайтын болады», – дейді Айгүл Мұқашева.

Ол сонымен бірге, мұғалімдердің қызметінен тыс жұмыстарға не жататынын түсіндіріп берді.

«Ол жұмыстардың санатына – сенбілік жатады. Өзіңіз білетіндей, біздің жұмыс берушілер әр сенбі сайын сенбілік ұйымдастыруды жақсы көреді. Ол жұмыстардың санатына үй аралауды да жатқызуға болады», – дейді ол.

Айгүл Мұқашева қаланы учаскеге бөліп тастап, мұғалімдерді аралату жұмысы барын жасырмады. «Мұғалімнің негізгі міндеті – баланы тәрбиелеу және оқыту. Басқа ешқандай жұмыспен мұғалім басын ауыртпауы керек. Міндетінен тыс жұмысқа мұғалімді мектеп директорымен бірге жергілікті атқарушы органдардың да қызметкерлері тартқысы келеді. Бұйрық қайдан келіп жатыр? Мектеп директорының тек бұйрықты орындайтыны белгілі. Сол себепті, бұл мәселеге кең ауқымда қарау керек», – дейді Айгүл Мұқашева.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Білім саласын автоматтандыру қалай жүргізілуі тиіс – маман пікірі

    Білім саласын автоматтандыру қалай жүргізілуі тиіс – маман пікірі

    Қазақстанға кемінде 10 мың бағдарламашы, ІТ-маманы қажет. Бұл туралы Инновациялық интеллектуалды технологиялар академиясының бас директоры Нұралы Құдайбергенұлы айтты. «Қазіргі уақытта «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында білім саласында көптеген жұмыс атқарылып жатыр. Сол атқарылып жатқан жұмыстардың басы-қасында жүрген біздің компания да бұл іске өз үлесін қосып отыр. Бүгінгі күні цифрлық білім дәрежесін көтеру мақсатында ең бірінші

  • “Болашақ” бағдарламасына қалай түстім? Үміткерге арналған нұсқаулық

    “Болашақ” бағдарламасына қалай түстім? Үміткерге арналған нұсқаулық

    “Болашақ” бағдарламасының биылғы жылғы алғашқы иегерлері белгілі болды. 134 қазақстандыққа стипендия тағайындалды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен өткен шетелде кадр даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысында белгілі болды. Шәкіртақы иегерлері магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша шет елдердегі үздік жоғары оқу орындарында білім алуға, сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog