|  | 

Редактор бағаны

Аятжан Ахметжанұлы: Жаңа министр жайында не айтуға болады?

Жаңа ҚР 15-ші білім және ғылым министрі туралы ойымды сұрап жатыр, бәріне осы жерде бірден жауап берейін.

Күләш Шәмшідинова апамыздың орынтағына құтты болсын айтамыз. Ісіне сәттілік тілейміз. Ал енді осы тағайындауға өз көзқарасым:

Біріншіден, жалпы өте сәтті тағайындау. Оның себебі, бұл кісі қарапайым мұғалім, мектеп директоры, білім басқармасы басшысынан бастап, білім саласындағы барлық лауазымда отырған, вице министр де болған, бұл салада тәжірибесі жеткілікті, білімді, таза қазақ тілді адам.

Екіншіден, қазіргі реформа бастауы Назарбаев зияткерлік мектептері жүйесінен алынған. Ал, жаңа министр – Назарбаев зияткерлік мектептерінің құрушысы, директорлар кеңесінің төрайымы. Сондықтан Аслан Сәрінжипов бастап, Ерлан Сағадиев былықтырып кеткен реформа соңына дейін шығады. Реформа тоқтайды деп қуанбаңыздар, мүлде ойламай ақ қоюға толық негіз бар.

Үшіншіден, апамыз бір аптадан соң 4-ші наурызда 61 жасқа толады. Яғни, ол кісі зейнеткер. Оның үстіне заң бойынша келесі жылы президент сайлауы, президент сайлауынан соң үкімет қайта доғарысқа кетіп, жаңадан жасақталады. Сондықтан, он бесінші министр бұл орында ұзақ отырады деп айта алмаймын. Сағадиевке дейінгі 13 министр секілді ең ұзағында бір жарым жылдан соң шынымен зейнетке кетеді.

Төртіншіден, білім саласындағы соңғы реформаның, нақтырақ айтқанда 2016-2021 жылдарға арналған білім реформасының соңғы екі жылы ғана қалды, ал, жаңа министр сол реформаның басында тұрған адам ретінде соңғы нүктесін қоюға келді деген ойдамын.

Жалпы ойым осы. Тілейтінім, Назарбаев зияткерлік мектептерінің бағдарламасы толық енетіндіктен, Назарбаев зияткерлік мектептерінің жабдықталуы, мұғалімдерінің жалақысы, материалдық мүмкіндіктері толығымен барлық мектептерге жасалса, соған жаңа министр күш салса екен.

Сонымен бірге “педагог мәртебесі” туралы заңды толық, сапалы етіп бекітіп кетсе екен, Елбасы тапсырмасы орта жолда қалмайды деп сенемін.

А, айтпақшы, жаңа министрге жалғыз жақындығым бар, ол кісі де мен секілді химик немесе мен ол секілді химикпін. 😊

Жаңа министрге сәттілік тілеймін! Еліміздің білім, ғылым саласы дами берсін!

 

Аятжан Ахметжанұлы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Дүниежүзі тарихы орыс тілінде, Қазақстан тарихы қазақ тілінде оқытылады? Неге?

    Дүниежүзі тарихы орыс тілінде, Қазақстан тарихы қазақ тілінде оқытылады? Неге?

    Соңғы аптада көтеріліп жатқан бұл мәселе негізі 2015 жылы күзде басталған іс еді. Бұл атышулы “үштілділік бағдарлама” деп аталатын 2016-2022 жылдарға арналған білім бағдарламасы еді. Еліміздің сол кездегі бас ұстазы Аслан Сәрінжіпов 2015 жылы 10 қыркүйек күнгі баспасөз мәслихатында «Барлық мектептерде қазақ тілінде қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, география пәні оқытылады. Информатика, физика, химия, биология жоғары

  • Мамандық таңдауда неге мән берген дұрыс?

    Мамандық таңдауда неге мән берген дұрыс?

    Барша түлектер ҰБТ-ны аяқтап, қолда сертификат, университет және мамандық таңдау деген маңызды басқыш алдында тұр. Күнде жекеме ондаған оқушы мен ата-ана кеңес сұрап жазып жатыр. Бәрінің сұрағы “Қай мамандық жақсы, мынандай балмен қай мамандық, қандай университетке түсе аламыз?” деп сертификат суреттерін жібереді. Әр адамға жеке кеңес беруге үлгермегендіктен арнайы мамандық таңдау кезіндегі маңызды түйіндерді ескертейін.

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog