|  |  | 

Оқушы Үздік

Астанадағы батыр оқушы Парламент Сенатына келді

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары оқушы Нәдір Омарғазиевпен кездесті. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлады.

Атап айтқанда, Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл, сенатор Сәуле Айтпаева жас жеткіншекке Алғыс хат табыстап, кітап сыйлады.

Сенатор жас батырға Парламенттің жұмысы туралы айтып, өзінің әріптестері, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Георгий Кимді, депутаттар Нұрлан Бекназаров пен Владимир Волковты таныстырды. Олар да өз тарапынан Нәдірге алғыс білдіріп, оның болашағына қатысты сұрақтар қойды. С.Айтпаева Нәдірді «Балаға дос Азия» атты халықаралық конференцияға қатысуға шақырды.

17 жасар Н. Омарғазиев көп балалы отбасынан шыққан. Ол 15 ақпан күні Астанада құдыққа абайсызда түсіп кеткен бес жасар баланы құтқарды.  Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Нәдір Омарғазиевке «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісі табысталды.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Петропавлда мектеп ұстазы батырлар киген сауытты жасап шықты

    Петропавлда мектеп ұстазы батырлар киген сауытты жасап шықты

    Ерғали Сәткенов – солтүстікқазақстандықтарға ағаштан түйін түйетін, темірді балшықша илейтін шебер ретінде жақсы таныс. Оның қолынан шыққан дүниелер түрлі көрмелерде көрермен көзайымына айналған. Бұл жолы ол қазақ батырлары орта ғасырларда киген салмағы 10 келіге жуық темір сауытты жасап шықты. Оған қажетті 560 пластинаның әрқайсысын қолмен қиған. Қалыңдығы 4 мм болғандықтан сауытты жебе тесе алмайды, қылыш

  • Семейлік оқушы Ресейден жүлдемен оралды

    Семейлік оқушы Ресейден жүлдемен оралды

    Ресейдің Санкт-Петербург қаласында химия пәнінен 53-ші халықаралық Менделеев олимпиадасынан семейлік оқушы жүлдемен оралды. Олимпиадаға әлемнің 30 елінен жас химиктер командалары келіп, өз елдерінің  намысын қорғады. Қазақстан намысын республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ оқу-жаттығу жиындарында бірнеше рет дайындықтан өткен 8 оқушы қорғады. Солардың бірі Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Рүстем

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog