|  | 

Керекті кеңес

Білім беру жүйесін өзгертуге байланысты ВВС басылымы қандай жауап тапты?

Смартфон баланың есте сақтау қабілетіне де, ақпаратты қабылдауына да әсер ететіні белгілі. Бірақ осындай өзгерістерге орай білім беру жүйесі өзгерістерді қажет ете ме? ВВС басылымы осы сұраққа жауап іздеп көріпті.

«Қазіргі оқушылардың проблемасы – олар смартфондағы қосымшаларға үйреніп алғаны сонша, жан-жақтарына елеңдеп отыратын болған. 10 – 24 жас аралығындағы Z ұрпақ пен 0 – 9 жас аралығындағы Альфа ұрпақ туа сала технологиялармен етене жақын өсті. Бұл дәстүрлі білім жүйесінің жаңа заманға бейімделу керектігін көрсетсе керек», деп жазады басылым.

Автордың пікірінше, мидың ерте дамуы соңғы бірнеше жылда өте көп зерттелген тақырыпқа айналған. Оның ішінде смартфонның баланың миына әсері туралы зерттеулер өте көп.

«Технология, әлеуметтік желі, Интернетке қосылудың оңай қолжетімділігі мен смартфондар балалардың кейбір қабілеттеріне кері әсер ететінін көптеген зерттеулер көрсетті. Балалардың ойлау жүйесі де, мидың дамуы да өзгерді. Бұл жағдайды ұстаздар да байқап отыр», деп жазады автор.

«Бұл – үлкен проблема. Мысалы, 12-14 жастағы балалар сабақ үстінде тек 28 секунд тыныш отыра алады», депті Филадельфия мектептерінің бірінде сабақ беретін Лаура Шад.

Ұстаздардың айтуынша, қазір оқушылар іш пыстыратын ұзақ мәтіндерді оқып отырғысы келмейді. «Дәстүрлі білім беру жүйесін өзгерту керек пе деген сұрақты қазір өте жиі естуге болады. Дегенмен, көп мамандар аралас сабақ түрін ұсынады. Яғни, жоғары технологияны дәстүрлі білім беру тәсілдерімен араластыру. Бастысы, ұстазбен байланыстың құны төмендеген жоқ.  Сол себепті ұстаздар өздерін дамытып, үнемі білімдерін жетілдіріп отыруы тиіс», дейді автор.

 

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/bilim-beru-zhuyesin-ozgertu-kerek-pe_a3500713

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Жаңа әліпби: Емле ережелеріндегі ескерілер кемшіліктер

    Жаңа әліпби: Емле ережелеріндегі ескерілер кемшіліктер

    2018 жылғы 6 желтоқсанда Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия мақұлдаған Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері тағы бір қайтара саралану, олқылықтары болса жөнделу мақсатында республикалық басты басылым Егемен Қазақстан газетінің 2019 жылғы 11-санында жарияланды. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры профессор Е.Қажыбек: «Жаңа әліпби негіздегі емле ережелеріне қоғам мүшелері бей-жай

  • Америка мектептері балаларды қалай тәрбиелейді?

    Америка мектептері балаларды қалай тәрбиелейді?

    Екі жыл Америкада оқыдым. Бостон қаласында тұрдық. Ұлым Алаш Америкада бірінші сыныпқа барды. Қарапайым мемлекеттік мектеп.  Баламды бір жыл бойы бақылап, мектеп бағдарламасын зерделеп, мұғалімдермен сөйлесіп, ата-аналармен араласып, күліп жүретін, өз бағасын білетін, өз-өздеріне сенімді, қоғамдағы мәселелерге бейжай қарамайтын ұрпақты қалай тәрбиелейтінінің сырын түсінгім келді. Бір жыл бойғы зерттеу нәтижесінде мынадай ой түйдім.  Американың орта

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog