|  | 

Жаңалық

Тест жауаптарын сатып алмақ болған студенттер оқудан қуылды

Санжар Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық университетінің бірқатар студенттері академиялық әділдік қағидаттарын бұзғаны үшін оқудан қуылды, деп хабарлайды оқу орнының баспасөз қызметі.

Студенттер тест сауалдарының дұрыс жауаптарын сатып алмақ болған.

«Академиялық адалдық қағидаттары студенттердің ар-ұят кодексінде толық көрсетілген. Бұл – оқыту бағдарламалары, білім деңгейін бағалау жүйесі, емтихандарға қойылатын талаптар және мінез-құлық ережесі. Академиялық адалдық қосымшасында ереже бұзғандарға тағайындалатын жаза мен тәртіптік шаралар көрсетілген», – деді баспасөз қызметінен.

Бұл құқықбұзушылықтар биылғы оқу жылының күзгі семестрінде, қысқы емтихан сессиясы кезінде  анықталған.

«Стоматология және жалпы медицина факультетінің 9 студенті ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, жасуша биологиясы, биофизика сабақтарынан тест жауаптарын сатып алу үшін ақша жинауға белсенді қатысқан», – деді ЖОО баспасөз қызметінен.

Айта кету керек, ҚазҰМУ қауіпсіздік бөлімі аталмыш деректер бойынша егжей-тегжейлі тексеру жұмыстарын жүргізген.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Вице-министр білім саласындағы өзекті бағыттарды атады

    Вице-министр білім саласындағы өзекті бағыттарды атады

    ҚР Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова бүгінде ведомство алдында тұрған негізгі мақсаттарды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Біріншіден, «ЖОО-мемлекет-бизнес» форматының өзара іс-қимылын дамытуға қатысты. Бұл формат Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттігін арттыруға негізделген. Осы арқылы біз қазақстандық жоғары мектептің экспорттық әлеуетін нығайтуды, шетел студенттері үшін ЖОО тартымдылығын көтеруді еңсереміз. Бұл мақсатты шешу кезінде барлық ресурстарды жұмылдыру

  • Қазақстанда студенттердің дипломы электрондық форматта берілуі мүмкін

    Қазақстанда студенттердің дипломы электрондық форматта берілуі мүмкін

    Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлықты жоюға қатысты бірқатар шешімдерімен бөлісті, деп хабарлайды Алтаньюс тілшісі. Білім минстірінің айтуынша, бірінше кезекте емтихандарды тест түрінде емес, жаппай жазбаша тапсыруға көшу керек. – Алдымен емтихандарды жаппай тексеру қажет. Яғни жазбаша емтихандарды көбейтіп, тесті барынша азайтамыз. Сонымен қатар барлық жүйені электрондық форматқа көшіруді жоспарлап

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog