|  | 

Білім жарысы

Жамбылдық өрендер ел бойынша 7-жыл қатарынан «Ең үздік команда» атанды

Жамбылдық оқушылар Алматы қаласында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауында 7-рет қатарынан «Ең үздік команда» атағын жеңіп алды.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған дәстүрлі байқаудың республикалық кезеңіне  Жамбыл облысынан 58 оқушы қатысып, бақтарын сынады. Республикалық конкурстының биылғы ерекшелігі – оқушылардың ғылыми жобаларын қорғаудың ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында барлық секциялар онлайн-режимде өтті.

Ғылыми жобалар байқауы 4 бағыт бойынша жүргізілді. Байқау қорытындысы бойынша, жамбылдық 5 оқушы алтын, 2 оқушы күміс және 17 оқушы қола медальді иеленіп, топ жарды. Сондай-ақ, биылғы жылы да Жамбыл облысының командасы 7 жыл қатарынан «Ең үздік команда-2019» атағын жеңіп алды.

Айта кетейік, аталған республикалық байқауға еліміздің Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен 14 облысынан, оның ішінде, республикалық білім беру ұйымдары және Назарбаев зияткерлік мектептерінен 800-ден аса дарынды оқушы жалпы білім беретін пәндер бойынша сынға түскен болатын.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Елордада «Тау мен дала хикаясы» тақырыбында Айтматов оқулары өтті

    Елордада «Тау мен дала хикаясы» тақырыбында Айтматов оқулары өтті

    Елордамыз Нұр-Сұлтанда  Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен әлем әдебиетінің классигі Шыңғыс Айтматовқа арналған «Тау мен дала хикаясы» атты шығармашылық кеш өтті, деп хабарлайды  Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы. Қырғызстан – Астана» этномәдени бірлестігінің бастамасымен өткен іс-шараға арнайы Қырғызстаннан келген жазушы, қоғам қайраткері, Шыңғыс Айтматовтың туған қарындасы Айтматова Розетта Төреқұлқызы қатысты. Ауқымды іс-шара барысында Нұр-Сұлтан қаласындағы №79

  • ГРАНТТАР ЕНДІ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ТОПТАРЫ БОЙЫНША БӨЛІНЕДІ

    ГРАНТТАР ЕНДІ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ТОПТАРЫ БОЙЫНША БӨЛІНЕДІ

    Құрметті талапкерлер! Биыл ҰБТ форматы мен тиісті пән комбинациялары өзгеріссіз қалды. Жаңалық — 2019 жылдан бастап мамандық емес білім беру тобы таңдалатындығында. Ол жайында толығырақ әңгімелейміз. Алдымен барлық өзгерістер туралы айтайық. Ол бойынша сіздер қалаған оқуларыңызға оңай түсе аласыздар: 1. ҰБТ-ны жыл бойы 4 рет ақылы түрде тапсыруға болады. 2. ТжКО түлектері ҰБТ тапсырмай-ақ, жоғары

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog