|  | 

Жаңалық

Көпбалалы отбасынан шыққан балаларға арнайы білім гранты бөлінеді

 Көпбалалы отбасыдан шыққан балаларға арнайы білім гранты бөлінеді. Бұл туралы бүгін қала халқының алдында есеп беріп жатқан Астана әкімі Бақыт Сұлтанов айтты.

«Жалпы табысы 3 күнкөріс минимумынан төмен көпбалалы отбасылардың балаларына Астана қаласының ЖОО-ларда оқу үшін жекелеген гранттар бөлінетін болады. Бұл – қосымша 25 млн теңге. Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріндегі қажет етілетін жұмысшы мамандығын алу үшін қосымша 1 мыңнан астам грант қарастырылған. Білім алу барысында жатақхана беріліп, жол жүру мен тамақ тегін болады, шәкіртақы төленеді», – деді қала басшысы.

Сонымен қатар, қала басшысы елорданың жоғары оқу орындарын бітірген түлектер Жастар тәжірибесі бағдарламасы арқылы жұмысқа орналаса алатындығын айтты.

«Бұл ретте мансап жолында одан ары өсу үшін қажетті жұмыс тәжірибесін алатын болады. Ал Бизнестің жол картасы бойынша  кәсіпкерлік негіздерін оқып, қажетті барлық кеңестерді ала аласыздар және жеңілдікті несиені субсидиялау бағдарламасына қатысуға мүмкіншілік бар», – деді Б.Сұлтанов.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Павлодарлық оқушылар киіз үйдің 2500 макетін жасады

    Павлодарлық оқушылар киіз үйдің 2500 макетін жасады

    Павлодарлық оқушылар «Шаңырақ» байқауы аясында киіз үйдің 2500-ден аса макетін жасады, деп хабарлайды Қазбілім сайты pavlodarnews сайтына сілтеме жасап. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде өткен «Шаңырақ» жобасының жеңімпаздарын анықтау мақсатында М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында облыстық конкурс-көрме ұйымдастырылды. Өңірлік Білім басқармасынан хабарлағандай, шараның мақсаты – ұлттық шығармашылықты жаңғырту және дамыту, өскелең ұрпаққа эстетикалық, ұлттық және патриоттық тәрбие

  • Оралдық оқушы ғарыш кеңістігіне арналған реактор үлгісін жасап шығарды

    Оралдық оқушы ғарыш кеңістігіне арналған реактор үлгісін жасап шығарды

    Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Ақылбек Мақсотов ғарыш кеңістігіне арналған реактор үлгісін жасап шығарды. Ақылбек реактордың 3D моделін, реакция анимациясын жасап шығарған. Реактор арқылы  қазіргі кезде ғарыш айлағына тасталып жатқан көміртегі диоксидінен оттегі және метан алуға болады. Оттегі экипаж мүшелеріне тыныстау үшін, ал метан ракета қозғалтқышына отын ретінде пайдаланылады. Дәстүрлі әдіске қарағанда, отынның бұлайша өндірілуі арзанға

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog