|  |  | 

Оқушы Үздік

Министр 10-сынып оқушысын марапаттады

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Астанада бес жасар баланы құдықтан алып шыққан мектеп оқушысын марапаттады. Министрдің бұйрығымен Нәдір Омарғазиевке «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісі табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агентігі.

«Нәдір ерлік жасады, ешкімнен көмек сұрамай, баланы құтқарып қалды. Полицейлер оқиға орнында үнемі бола бермейді. Осындай уақытта Нәдір шешім қабылдап, кішкентай баланы құтқарды. Ата-анасына берген тәрбиесі үшін алғысымды білдіремін, мектепке де ризашылығымды айтқым келіп отыр», –  деді Е.Тұрғымбаев марапаттау рәсімінде. Осыдан кейін министр мектеп оқушысына төсбелгіні тағып, естелікке смартфон сыйлады. Министрдің айтуынша,  Нәдір құқық қорғаушы болғысы келсе, оған Ішкі істер министрлігінің академиясында арнайы квота беріледі.

Шара кезінде Нәдір Омарғазиев те сөз алды. «Мен бұны ерлік деп санамаймын. Меніңше, өтіп бара жатқан кез келген адам солай істейді деп ойлаймын», – деп атап көрсетті Н.Омарғазиев.

Айта кетейік, 15 ақпанда №39 мектептің оқушысы Нәдір Омарғазиев бес жасар баланы құтқарды. №39 кешкі мектептің директоры Анар Қожахмет те шәкірті туралы айтып берген болатын. «Нәдір Омарғазиев көпшіл, талантты және өте тәрбиелі бала. Ол көпбалалы отбасынан шыққан және оның бес бауыры бар. Омарғазиевтер әулеті жалдамалы пәтерде тұрады», – деді Анар Қожахмет. Оның айтуынша, Нәдір ән салғанды ұнатады және танымал әнші болуды армандайды. «Дүйсенбі күні мектепте салтанатты шара ұйымдастырылады. Онда мектеп басшылығы Нәдірді ерлігі үшін марапаттайды», – деді директор.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Павлодарлық оқушылар киіз үйдің 2500 макетін жасады

    Павлодарлық оқушылар киіз үйдің 2500 макетін жасады

    Павлодарлық оқушылар «Шаңырақ» байқауы аясында киіз үйдің 2500-ден аса макетін жасады, деп хабарлайды Қазбілім сайты pavlodarnews сайтына сілтеме жасап. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде өткен «Шаңырақ» жобасының жеңімпаздарын анықтау мақсатында М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында облыстық конкурс-көрме ұйымдастырылды. Өңірлік Білім басқармасынан хабарлағандай, шараның мақсаты – ұлттық шығармашылықты жаңғырту және дамыту, өскелең ұрпаққа эстетикалық, ұлттық және патриоттық тәрбие

  • БҚО-да өрттен екі адамды құтқарған оқушы марапатталды

    БҚО-да өрттен екі адамды құтқарған оқушы марапатталды

    Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданындағы  Қ.Байсықов атындағы мектептің 11-сынып оқушысы «Өрттегі ерлігі үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 25 ақпан күні жанып жатқан үйден 8 жасар ұл бала мен ер адамды алып шыққан Мирас Жүнісовке медальді БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Жасұлан Жұмашев тапсырды. Сондай-ақ оқушының ата-анасына ҚР Ішкі істер министрінің, сынып жетекшісіне ТЖД бастығының

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog