|  | 

Білім жарысы

Әлемге ортақ 100 сөз жинақтаған павлодарлық оқушы Мәскеуге шақырту алды

 Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде «Заманауи білім беру тенденциялары, болашаққа көзқарас – Байтанаев оқулары-7» атты xалықаралық конференцияда павлодарлық оқушының жобасы көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

– Мұндай xалықаралық шара осымен жетінші рет өтуде, – дейді ұйымдастырушылардың бірі, ғылыми зерттеу жұмыстары бөлімінің басшысы Жанат Ибрагимова. – Осы жылы конференция жинақтары үш том болып басылды. Жыл сайын қатысушылар саны артуда. Қазақстан, Ресей, Түркия, Өзбекстан және тағы басқа елдерден 400-ден аса жұмыс келіп түсті. Шет елді айтпағанның өзінде Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Түркістан, Павлодар өңірлері  бақ сынады.

Аталмыш жиында Павлодар облысының намысын қорғаған Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған қазақ гимназия-интернатының 8 сынып оқушысы Рамазан Дәуренбекұлы бүкіл әлемге ортақ сөздер арқылы бір тілде сөйлейтінін дәлелдеуге тырысты.

– Бұл жұмысты өткен жылдан бері жазып келемін, – дейді 8 сынып оқушысы. – Қазіргі таңда әлемге ортақ 100 сөз таптық. Мақсатым –  қазақ тілі білімінің ғылымына жаңа көзқарас алып келу. Шын мәнінде әлем xалықтарының сөздерін қазақ тіліндегі сөздермен салыстыра қарағанда қызық жәйтке тап боласыз. Ағылшындарда hot деген сөз бар. Ол «ыстық» деген мағына береді. Ал бізде осымен дыбыстас «от» деген сөз бар. Міне, біз осыдан кейін бір лексика-семантикалық топтағы түрлі тілдерде фонетикалық үндес сөздерді жинақтай бастадық.

Жас ғалымға жетекшілік жасап жүрген ұстазы Бақдәулет Нұрматтың айтуынша, бұл тақырып көпшіліктің қызығушылығын тудырып, конференция барысында қызу талқыға түскен.

– Биылғы жылдың көктемінде осы тақырыппен Мәскеуде өтетін конференцияға қатысуға шақырту алдық, – дейді ұстазы. –  Студент кезден осы жобаға деген қызығушылық болатын. Ресей мен Сауд Арабиясы елдерінде осы жұмыс туралы баяндамалар жарияланды. Бүгінде шәкіртім әлемге ортақ сөздерді іздестіру арқылы дүние жүзіндегі әртүрлі елдерді өзара жақындастыра түседі деген ойдамын.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Оралдық оқушы ғарыш кеңістігіне арналған реактор үлгісін жасап шығарды

    Оралдық оқушы ғарыш кеңістігіне арналған реактор үлгісін жасап шығарды

    Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Ақылбек Мақсотов ғарыш кеңістігіне арналған реактор үлгісін жасап шығарды. Ақылбек реактордың 3D моделін, реакция анимациясын жасап шығарған. Реактор арқылы  қазіргі кезде ғарыш айлағына тасталып жатқан көміртегі диоксидінен оттегі және метан алуға болады. Оттегі экипаж мүшелеріне тыныстау үшін, ал метан ракета қозғалтқышына отын ретінде пайдаланылады. Дәстүрлі әдіске қарағанда, отынның бұлайша өндірілуі арзанға

  • Астаналық оқушылар Кореядағы интеллектуалдық олимпиадада 21 медаль жеңіп алды

    Астаналық оқушылар Кореядағы интеллектуалдық олимпиадада 21 медаль жеңіп алды

    Астана мектептерінің оқушылары Кореяда өткен интеллектуалдық олимпиадада барлық 21 медаль жеңіп алды. Тэджон қаласында өткен халықаралық олимпиадаға елорданың әртүрлі мектептерінен 21 оқушы қатысты. Олар математика, биология, химия, экономика пәндері бойынша өз жұмыстарын таныстырды. «Барлық оқушылар жұмыстарын ағылшын тілінде таныстырды. Біздің талантты балаларымыз осымен бесінші жыл Тэджон қаласында өнер көрсетуде», – деді «Астана Дарыны» ғылыми-практикалық орталығының

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog