|  | 

Керекті кеңес

Астанада оқушыларды әлеуметтік қолдаудың қандай түрлері бар

Астана бюджетінің жартысынан көбі халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталады. Ұсынылатын жеңілдіктер туралы қалалық білім басқармасы айтып берді, деп хабарлайды Қазбілім елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап

Ведомствоның ақпаратына қарағанда, тегін тамақтандыру қызметі бастауыш сынып оқушыларының барлығына, 5-11 сынып оқушыларының әлеуметтік жағынан осал топтары санатына жататын балаларына көрсетіледі. Жалпылай алғанда, қызметтің бұл түрімен 78 мың оқушы қамтылған. Бұл елорда оқушыларының жалпы санының 50%-нан асады.

Жалпыға міндетті оқу қорының аясында көпбалалы отбасылардың балаларына, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жыл сайын мектепке қажетті заттарды, жазғы, қысқы және спорттық киімдерді сатып алуға материалдық көмек көрсетіледі, қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру құқығы мен сауығу демалысы ұсынылады. Биыл аталмыш көмекке 6 мыңға тарта оқушы ие болды. Жалпылай алғанда, бұл мақсатқа 450 млн теңге жұмсалды.

Аз қамтылған отбасы балаларын әлеуметтік қолдау елорданың колледждерінде де қарастырылған. Осылайша екі мыңнан астам студент ыстық тамақпен, шәкіртақымен, қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру құқығымен, жатақханадағы орынмен қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар, жыл сайын өткізілетін қайырылымдылық науқандарының шеңберінде тек ағымдағы оқу жылының өзінде-ақ 8 мың балаға көмек көрсетілді. Көрсетілген көмектің мөлшері – 160 млн теңге.

Астанада мемлекеттік мектептер мен Балалар үйінің негізінде 4 Community орталық ашылды. Ондағы үйірмелер мен секциялардың барлығы тегін.

Еске салайық, қала әкімдігі Telegram-да көпбалалы аналарға арналған чат-ботты әзірледі. Онда азаматтар сауалнаманы толтырып, өз жағдайы туралы баяндап бере алады.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Жаңа әліпби: Емле ережелеріндегі ескерілер кемшіліктер

    Жаңа әліпби: Емле ережелеріндегі ескерілер кемшіліктер

    2018 жылғы 6 желтоқсанда Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия мақұлдаған Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері тағы бір қайтара саралану, олқылықтары болса жөнделу мақсатында республикалық басты басылым Егемен Қазақстан газетінің 2019 жылғы 11-санында жарияланды. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры профессор Е.Қажыбек: «Жаңа әліпби негіздегі емле ережелеріне қоғам мүшелері бей-жай

  • Америка мектептері балаларды қалай тәрбиелейді?

    Америка мектептері балаларды қалай тәрбиелейді?

    Екі жыл Америкада оқыдым. Бостон қаласында тұрдық. Ұлым Алаш Америкада бірінші сыныпқа барды. Қарапайым мемлекеттік мектеп.  Баламды бір жыл бойы бақылап, мектеп бағдарламасын зерделеп, мұғалімдермен сөйлесіп, ата-аналармен араласып, күліп жүретін, өз бағасын білетін, өз-өздеріне сенімді, қоғамдағы мәселелерге бейжай қарамайтын ұрпақты қалай тәрбиелейтінінің сырын түсінгім келді. Бір жыл бойғы зерттеу нәтижесінде мынадай ой түйдім.  Американың орта

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog