|  | 

Жаңалық

Астанада студенттер жатақханадан орынды мобильдік қосымша арқылы сұрай алады

Биыл астаналықтар үшін білім беру, көлік және салық салаларында жаңа қызметтер онлайн режимде қолжетімді болады. Бұл туралы Қазбілім қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Астана Innovations» АҚ мәліметіне сәйкес, осы жылы Smart Astana мобильдік қосымшасы түрлі әлеуметтік салада қала тұрғындарын керек ақпаратпен қамтамасыз ететін болады.

Мәселен, 22 ақпаннан бастап қосымшада салық берешегін тексеру мүмкіндігі пайда болады.

Ал 1 сәуірге дейін салықтар мен айыппұлдарды, үйірмелер мен секциялар ақшасын төлеу қызметтері қолжетімді болады.

15 наурызға дейін ХҚКО-да алдын ала кезек алу мүмкіндігі пайда болады.

Цифрлық технологиялар астаналық білім беру саласында да белсенді енгізілуде. Атап айтқанда, 18 ақпанда Smart Astana мобильдік қосымшасында білім беру орталықтарындағы секциялар мен үйірмелер кестесі көрсетілген және оларға жазылу мүмкіндігі бар функция қосылады. Осылайша, тұрғындар жұмыс істеп тұрған және ашылып жатқан білім беру орталықтары туралы ақпаратты біліп отырады.

15 наурызда барлық мемлекеттік колледждердің жатақханасы сандық жүйеге қосылады. Солайша, жатын орын сұрауға өтінішті онлайн беруге болады. Бұдан бөлек, 1 сәуірде Smart Astana қосымшасында балабақшаға кезекке қою, мектепке баруға жазылу сервисі іске қосылады. Әр мектептің кіреберісінде QR-кодтары бар ақпараттық тақтайшалар және нұсқаулықтар орнатылады. Сервис шағымдар мен ұсыныстарды қабылдайтын болады.

Астанада «ақылды» технологиялар қоғамдық көлік саласына да енгізілуде. Smart Astana мобильдік қосымшасында қазірдің өзінде «Автобус аялдамасының таблосы» сервисі қолжетімді. Ол автобустың қанша уақытта келетінің көрсетеді. Сервис қызметі  QR-кодты сканерлеумен жүзеге асады. QR-кодтарды барлық аялдамаларға қою ойластырылған, ол барлық аялдамаларды виртуалды табломен қамтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар наурыз айында такси шақыру (Astana Taxi) сервисі іске қосылады және онда жол құны көрсетіліп тұратын болады.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • СҚО-да биыл үш ауысымдық мектеп мәселесі толық шешіледі

    СҚО-да биыл үш ауысымдық мектеп мәселесі толық шешіледі

    Солтүстік Қазақстан облысында биыл үш ауысымда білім беретін мектептер мәселесі толығымен шешіледі. Сондай-ақ ондаған жылдар бойы жөндеу көрмеген білім мекемелері күрделі жөндеуден өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Биыл облыстағы мектептерді жөндеуге бөлінетін қаржы көлемі 12 есеге ұлғаймақшы. 120 мектепті жөндеуге 5 млрд теңге бағытталады.  Бұл жайында облыс әкімі Құмар Ақсақалов халық алдындағы есептік кездесуде мәлімдеді.

  • Алматы облысында үш ауысымды мектептер 2021 жылы жойылады

    Алматы облысында үш ауысымды мектептер 2021 жылы жойылады

    Алматы облысында қазіргі таңда оқушыларды үш ауысыммен оқытатын 34 мектеп бар. Мәселені шешу үшін биыл – 7, келер жылы 15 мектеп пайдалануға берілмек. Алматы облысы тұрғындарының саны 2 миллионнан асып, өңір республикадағы халқы көп аймақтың біріне айналды. Ішкі миграция мен халықтың табиғи өсімі салдарынан облыстың кейбір аудандарында оқушыларды үш ауысымда оқытуға тура келіп отыр. «Бұл

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog